НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин көрші елдерде вирустың қайта күшеюіне байланысты қосымша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өздеріңізге белгілі, аймақтағы көршілес мемлекеттерде аурудың өсуі байқалады. Сондықтан қосымша алдын алу шараларын қабылдау қажет", - деді Мамин үкімет отырысында.
Айтуынша, бірінші кезекте вакциналау қарқынын арттыру керек.
"Ashyq қосымшасын кеңінен енгізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, халықтың вакцина алуын ынталандыратын пәрменді тәсілдер ойластыру қажет", - деді премьер.
Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой соңғы аптада ТМД елдерінде індет өсімі байқалатынын мәлімдеді. Соның ішінде Ресейде өткен аптамен салыстырғанда вирус жұқтырғандар саны 1,5 есеге көбейген. Осыған байланеысты қосымша шектеу шаралары енгізіліп жатыр.