Өңірлер

Атырауда баланы қасақана өлтірген дәрігерлердің шағымы қарала бастады

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Таңға жоспарланған сот отырысының уақыты 2 рет өзгерді. Айыпталушылардың шағымын облыстық сот қарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Атырауда сот жаңа туған шақалақты өлдіге санап, тоңазытқышта қатырған дәрігерлерге қатысты апелляциялық шағымды қарауды бастады, деп хабарлады Хабар 24.

Талап-арыз онлайн форматта қаралып жатқандықтан байланыс нашар. Таңға жоспарланған сот отырысының уақыты 2 рет өзгерді. Айыпталушылардың шағымын облыстық сот қарап жатыр. Кінәлі деп танылғандардың істі "өзге өңірдің сотына берсін" деген талабы қабылданбады.

Бүгінгі отырыста қорғаушылар апелляциялық алқадан қылмыстық істі офлайн қарауды сұрады.

Еске сала кетейік, дәрігерлер баланы өлі туды деп рәсімдеген. Алайда одан тіршілік нышаны байқалған кезде құжаттарды қайта ресімдегісі келмей, оны тоңазытқышқа салған.

Оқи отырыңыз: Атырауда ауыр қылмыс жасаған дәрігерлерге қатаң жаза кесілді 

Қаңтар айында сот үкімі бойынша облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев 18 жылға, ал қарамағындағы акушер гинекологтар 16 және 15 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жаңалықтар
0