Өңірлер

Атырауда жантүршігерлік қылмыс жасаған дәрігерлерге қатаң жаза кесілді

CC0 / valelopardo / Медик, врач
Медик, врач - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қуаныш Нысанбаев 18 жылға, Асқар Қайыржан 16 жылға, Жәмилә Құлбатырова 15 жылға бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Атырауда жаңа туған баланы алдын ала сөз байласу арқылы өлтірді деп айыпталған облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне сот үкімі шықты.

Сот оларды кінәлі деп танып, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды 16 жылға, акушер Жәмилә Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазды Ақ Жайық.

Неонатолог-дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығы шектелді.

"Құдай бізді кешірсін": Атырауда сәбиді өлтірген дәрігерлердің әңгімесі жарияланды

Естеріңізге сала кетейік,  2019 жылдың 29 қыркүйегінде Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқандықтан, дәрігерлер сәбиді өлі туды деп тіркеген. Алайда сәбиді тоңазытқыш камераға апарған кезде оның аяғы қимылдай бастаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған.

Жаңалықтар
0