Қоғам

"Фильмдегідей": Маңғыстау тас жолында Газель жарылды – видео

© Sputnik / Анатолий УстиненкоГорящий транспорт, иллюстративное фото
Горящий транспорт, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Жазылу
Жарылыс куәгерлері бұл сәт тура фантастикалық немесе боевик фильміндегідей болғанын айтуда

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Маңғыстау тас жолында "Газель" жарылды.

Жеңіл автокөлік үзіліссіз жүріп жатқан Ақтау – Таушық тас жолында санаулы секунд ішінде "Газель" отқа оранды.

Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялады.

Кадр сыртындағы ер адам "Мынаны көрдің бе?!" – деп сұрады.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тілсіз жау өшірілді, деп жазды өңірлік "Лада" басылымы.

Белгілі болғандай, бұл оқыс жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Тура фантастикалық немесе боевик фильміндегідей", "Видеоға түсірген адам жарылыс болатынын білмеген", "Жүргізуші жүрек жұтқан екен",  деп жазды желі пайдаланушылары.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда көлікке орнатылған газ баллоны жарылды – видео

Біраз бұрын Шымкентте газ тиелген төрт тонналы цистерна жарылды. 27 жастағы ер адамды бірінші деңгейдегі күйік шалды.

Жаңалықтар
0