Қоғам

Полицейлер ешкімді камера алдында халықтан кешірім сұрауға мәжбүрлемейді – министр

© Sputnik / Абзал КалиевСуд, иллюстративное фото
Суд, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2021
Жазылу
Ведомство басшысы кейбір заңбұзушылықтарда өз ісіне шынымен өкініп, кінәсін мойындау жазаны жеңілдететінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қазақстандық полицейлер ешкімді видеомен халықтан кешірім сұрауға мәжбүрлемейді. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі соңғы кезде жиілеп кеткен кешірім сұрау роликтері туралы сұрады.

"Адамдарды камера алдында кешірім сұрауға мәжбүрлеу қаншалықты заңды, жоқ әлде олар өздері құлшынып тұр ма? Бұл кінәсіздік презумпциясы практикасына қайшы келмей ме", - деп сұрақ қойды журналист.

"Біріншіден, ішкі істер органдарының қызметкері ешкімді бейнекамера алдында кешірім сұрауға мәжбүрлемейді. Егер азамат өз әрекетінің құқыққа қайшы екенін түсінсе, ол өзі қалаған дүниені өз чатына жариялай алады. Сонымен бірге кейбір заңбұзушылықтарда өз ісіне шынымен өкініп, кінәсін мойындау жазаны жеңілдетеді", - деп жауап берді Тұрғымбаев.

Оқи отырыңыз: Министр Қазақстандағы митингтер жайлы: қинау-азаптау болған жоқ

Жаңалықтар
0