Қоғам

Министр Қазақстандағы митингтер жайлы: қинау-азаптау болған жоқ

© Sputnik / Тимур БатыршинПолицейский автомобиль на дороге в Алматы
Полицейский автомобиль на дороге в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2021
Жазылу
Айтуынша, қазақстандық полицейлер қарусыз, таяқсыз шығады, наразы топты тек өз дене күшімен басады

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаппай наразылық кезінде полиция қызметкерлерінің қолданатын әдісі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әр елдің өз ұлттық заңнамасы, өз әдіс-тәсілі бар. "Кеттлингке" тоқталсақ: бұл полицейлердің кордондардың көмегімен көшеге шыққан адамдарды қоршау және ұстаудың бірыңғай тактикасы. Бұл жерде бұғаттау әдістері де қолданылады – автокөлікпен, турникеттермен, полиция бөлімшелерінің жеке құрамымен. Мұндай тәсіл бүкіл әлемде бар, бұл жерде жаңа ештеңе жоқ", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, тактика туралы ішкі істер органдарының бұйрықтары мен нұсқаулықтарында жазылған. Тек "кеттлинг" деп емес, "бір топ адам қоғамдық тәртіпті бұзған жерді қоршау" деп аталады. 

"Иә, шынымен де, біз бірнеше рет санкцияланбаған митингтер өткен орындарды қоршадық. Бірақ басқа елдердің полицейлеріне қарағанда суатқыш, жарық-дыбыс гранаталарын, басқа да арнайы құралдарды пайдаланған жоқпыз", - деді Тұрғымбаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық полицейлер енді аяғына кроссовка киеді

Айтуынша, қазақстандық полицейлер қарусыз, таяқсыз шығады, наразы топты тек өз дене күшімен басады.

"Азаптау болған жоқ, біз қоршаудан шыққысы келгендердің бәрін босаттық. Су, тамақ ұсындық. Ешқандай күш көрсету болған жоқ, мұндай шараларда жедел жәрдем көлігі әрқашан тұрады", - деді министр.

Жаңалықтар
0