Қоғам

Қазақстандық полицейлер енді аяғына кроссовка киеді

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVПолицейские проверяют транспорт на улицах карантинного Алматы
Полицейские проверяют транспорт на улицах карантинного Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2021
Жазылу
Жыл соңына қарай көшеде жүретін учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлер форма ауыстырады

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазақстандық полицияның жаңа формасы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз жыл соңында көшеде жүретін учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлерге жаңа форма кигіземіз. Ол сынақтан өтті, өте ыңғайлы. Көшелерде қызмет атқару үшін жаңа элемент – кроссовка, берцы түріндегі аяқ киім енгізіліп отыр. Өйткені халықпен тығыз жұмыс істейтін тәртіп сақшыларының киімі ыңғайлы болуы тиіс", - деді ол орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Тұрғымбаев патрульдік полицияның жаңа формасында түнгі уақытта алыстан көріну үшін жарық шағылыстыратын элементтер көбейетінін атап өтті.

Айтуынша, полиция формасына қосымша ақша талап етілмейді. Бәрі бұған дейін көзделген қаржыландыру аясында жүзеге асады.

Оқи отырыңыз: Пандемия кезінде балаларға қарсы қылмыстар саны өсті – ІІМ

"Кезең-кезеңмен екі жыл бойы бүкіл қазақстандық полицияға жаңа форма кигіземіз", - деді ол.

Былтыр күзде ішкі істер министрлігі президентке полицейлердің жаңа формасын таныстырғаны хабарланды.

Жаңалықтар
0