Қоғам

Интернет іркіліп қалды: "Қазақтелеком" жағдайды түсіндірді

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуЖелілік құрылғылар
Желілік құрылғылар  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
"Қазақтелеком" сәрсенбі таңында интернетке қолжетімділікке қатысты туындаған ақаулар үшін кешірім сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Ақтөбедегі пайдаланушылар сәрсенбі күні таңертең интернеттің нашар жұмыс істеуіне шағымданды. "Қазақтелеком" АҚ ұлттық байланыс операторы мен цирфлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Сағат 11:00-де бекітілген және мобильді интернет қызметін көрсетуде қысқа мерзімді ақау байқалды. Ол "Қазақтелеком" желісіндегі жабдықтар жұмысының алгоритмдерін оңтайландырумен байланысты болды", – деді ұлттық байланыс операторының баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, жөндеу жұмыстары серверлік жабдықтың техникалық параметрлерін жақсарту, сондай-ақ желілік сыйымдылықты кеңейту мақсатында жүргізілді.

"Қазақтелеком" компаниялар тобы қысқа мерзімге созылған интернеттегі ақау үшін кешірім сұрап, компания жүргізіп жатқан жөндеу жұмыстары көрсетілетін сервисті жақсарту мақсатында орындалып жатқанын хабарлайды", – делінген компания хабарламасында.

Цирфлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі де осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Оқи отырыңыз: Ауылды жерлерге интернет жеткізетіндерге субсидия бөлінеді – министр

Олардың айтуынша, бұл ақау "Қазақтелеком" өз желісінде жабдықтардың жұмыс істеу алгоритмдерін оңтайландыру бойынша жүргізген іс-шараларға байланысты.

"Қазір ақаулар жойылып, интернет штатты режимде жұмыс істеп тұр", – деді министрліктің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0