Өңірлер

Карантин жеңілдетіледі: Солтүстік Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавловск. Виды города
Петропавловск. Виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Жазылу
Өңірде балалар лагерлері, ойын алаңдары, ойын-сауық мекемелері қалай жұмыс істейтінін бас санитар дәрігер айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында карантиндік шаралар жеңілдетіледі, деді облыстың бас санитар дәрігері Әсет Жұматаев.

Оның айтуынша, пандемия басталғаннан бері облыста коронавирустық инфекцияның 14 918 жағдайы тіркелді, оның 9 463-і (63%) симптоматикалық, 5 455-і (37%) симптомсыз жағдайлар. Өткен тәулікте 13 жағдай тіркелді.

"Дер кезінде енгізілген карантиндік шектеу шаралары өз нәтижесін берді. Соңғы аптада коронавирусты жұқтыру 46 %-ке, яғни 258-ден 139-ға жағдайға дейін азайды.  Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, облыс 3 маусымнан бері "жасыл" аймақта", - деді Жұматаев.

Ол 9 маусымнан бастап облыста карантиндік шаралар жеңілдетілетінін айтты. Облыстың бас санитар дәрігері тиісті қаулыға қол қойды.

Келушілер санын 30%-тен асырмай бильярд, боулинг, компьютер клубтары мен аквапарктің және ғимарат ішіндегі балалардың ойын алаңдарының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Олар 29 мамырдан бері жабық болатын.

"Келушілер санын 30%-дан және 50 адамнан асырмай, банкет залдарында еске алу іс-шараларын өткізуге болады. Діни нысандарда да адам санын асырмай, маска тағып және 4 метр әлеуметтік ара қашықтықты сақтап іс-шараларды өткізуге рұқсат беріледі", - деді бас санитар дәрігер.

Мдениет нысандарында жеке, топтық дайындықтарды адам санын 50-ден асырмай өткізуге болады. Мектепке дейінгі мекемелерге топтарды қосып, іс-шара өткізбей жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Оқи отырыңыз: Алматы "сары" аймаққа өтті: Бекшин науқастар санының азаюына не әсер еткенін айтты

Спорттық іс-шараларды көрермен санын 20%-тан, ал кинотеатр, театр, концерт залдарының жұмысын көрермен санын 30%-тен асырмай ұйымдастыруға болады.

Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы сағат 2.00-ге дейін ұзартылады.

Өңірде 77 719 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды, 42 638 адам вакцинаны толық алды.

Жаңалықтар
0