Қорғаныс министрлігі бұған дейін армияның барлық санаттағы қызметкерлері үшін дайындықтың жазғы кезеңіндегі тактикалық оқу-жаттығулары басталғанын хабарлаған.
Соның жалғасы ретінде дабылмен көтерілу жаттығуы болды. Қапшағай гарнизонының десантшылары, сондай-ақ бітімгерлер мен матростар ықтимал қарсыластың шабуылына тойтарыс беріп, құрлық пен теңіз инфрақұрылымы объектілерін қорғау үшін шұғыл жиналды. Сондай-ақ күш құрылымдарын ширату мен оларды сәтті орналастыру қабілетін шыңдады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық танк экипаждары Халықаралық армия ойындарына дайындалып жатыр
Оқу-жаттығу жетекшілері десанттық-шабуылдау күші мен бітімгерлік полктің әскери қызметшілері, сондай-ақ "Орал" зымырандық-артиллериялық кемесіне жүктелген барлық міндеттер толықтай орындалғанын атап өтті.