Видео

Қазақстандық танк экипаждары Халықаралық армия ойындарына дайындалып жатыр

Жазылу
Жамбыл облысындағы Гвардиялық гарнизонда танк экипаждары 2021 жылғы Халықаралық армия ойындарына қызу дайындалып жатыр

Қазақстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Гвардиялық гарнизонда Халықаралық армия ойындары-2021 сайысына танк экипаждарын дайындау жалғасуда.

"Танк биатлоны" конкурсында әрдайым сәтті өнер көрсетіп жүрген қазақстандық сарбаздар жеңіске жетуді көздеп отыр", - делінген ведомствоның YouTube каналындағы бейнероликтің сипаттамасында.  

Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық әскери қызметшілер жарыстарға эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып дайындалуда: олар вакцина салдырып жатыр, бөлек тамақтанып, бөлек тұрады.

Биыл Халықаралық армия ойындары 12 мемлекетте өтеді және 34 жарысты қамтиды. Ресейде 16 жарыс өткізу жоспарланған. Қытай, Иран, Беларусьта үш жарыстан, Қазақстанда, Вьетнамда және Өзбекстанда екі жарыстан, Алжирде, Арменияда, Катарда, Моңғолияда және Сербияда бір жарыстан өтеді.

Қазақстаннан 11 сайысқа 300-ге жуық адам қатысады. Олардың арасында "Танк биатлоны" танк экипаждарының жарысы бар.

Командаларды іріктеу қаңтар-наурыз айларында өңірлік қолбасшылық бригадаларында өтті. Дайындықтың бірінші кезеңі 12 сәуірде басталды, ал қосымша іріктеу 28 маусымға дейін өтеді. Қалған ұлттық командалар жаттығуды 14 маусым мен 6 тамыз аралығында жалғастырады.  

Биылғы Халықаралық армия ойындары 22 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтеді.

Жаңалықтар
0