Қоғам

Коронавирустың тағы бір қауіпті синдром туғызатыны анықталды

© AFP 2024 / HANDOUTЭлектронды микроскоппен түсірілген коронавирус тіндері
Электронды микроскоппен түсірілген коронавирус тіндері  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2021
Жазылу
Ғалымдар қауіпті синдром күш алған сәтте бұлшық еттің күші сарқылып, вегетативтік бұзылу пайда болатынын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Ғалымдар коронавируспен ауырып шыққан адам Гийена – Барре синдромына шалдығуы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.

"Коронавирустан кейін адамның ағзасында бөлінетін антиденелер жүрек пен терінің аутоимундық ауруларын туғызатын антиденелерге ұқсайды", – дейді мақала авторларының бірі Алекс Рихтнер.

Зерттеуге сәйкес, Гийена – Барре синдромының алғашқы белгілері – аяқ пен қолдың ұйып қалуы, бұлшық еттің ауырсынуы, сондай-ақ координацияның бұзылуы. Дәл осы белгілер коронавирустың жеңіл және ауыр формасымен ауырып шыққан адамдарда анықталды. 

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады

Гийена – Барре синдромы – бұл қабынған аутоиммунды полирадикулоневропатия. Осы синдром кезінде бұлшық еттің күші сарқылып, вегетативтік бұзылу пайда болады. Сонымен қатар, адамның сезімталдылығы да төмендей бастайды.

Жаңалықтар
0