Қоғам

Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады

© REUTERS / NIAID-RMLКоронавирус под микроскопом
Коронавирус под микроскопом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Зерттеушілер SARS-CoV-2 молекулаларының өлшемі жарық толқыны ұзындығынан аз деп отыр. Пішіні шарға ұқсас

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Зерттеушілер COVID-19-дың түсін анықтады, деп хабарлайды Le Parisien.

"Коронавирустың нағыз түсі - қара және ақ", - деп түсіндірді Әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің профессоры Андрэ Гютер.

Оның айтуынша, COVID-19-ды түрлі-түсті деп айтқан дұрыс емес. Өйткені SARS-CoV-2 молекулаларының өлшемі жарық толқыны ұзындығынан аз. Пішіні шарға ұқсас.

"Қызыл, сары, қызғылт түстер бөліктерді анығырақ көрсету үшін қолданылады. 3D өлшемдердің де мақсаты осы", - деді Гютер.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде 108,5 миллион адам коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Джонс Хопкинс университеті мәліметіне сәйкес, бұл көрсеткіш 109 миллионнан асқан. 2,4 миллиона адам көз жұмды.

АҚШ, Үндістан, Бразилия және Ұлыбританияда індетке шалдыққандар саны ең көп.

Жаңалықтар
0