Оқиға

Алматыда ер адам той үстінде атыс ашты – видео

© AFP 2024 / KAREN BLEIERТапанша ұстаған адам, архивтегі сурет
Тапанша ұстаған адам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2021
Жазылу
Қоғамдық тәртіпті бұзған 26 жастағы Алматы тұрғыны өзінің ойсыз әрекеті үшін әдеттегідей бейне хабарлама арқылы көпшіліктен кешірім сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Алматы облысында полиция 26 жастағы жігітті үйлену тойында тапаншадан оқ атқаны үшін ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Атыс болған сәтті қонақтардың бірі видеоға түсіріп алған. Кейін ол әлеуметтік желілерде тарады. Үйлену тойының Талғар өңірінде болғаны анықталды.

Қоғамдық тәртіпті бұзушы 26 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты. Кейінірек, оның өзі ойсыз әрекеті үшін әдеттегідей бейне хабарлама арқылы көпшіліктен кешірім сұрады. Өзінің айтуынша, ол сигналдық тапаншадан жарық-дыбысты 4 рет оқ атқан. Оқиға саларынан ешкім жарақат алмады.

Қазіргі кезде аталған фактінің негізінде Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 436-бабының 1-бөлігі (атыс қаруынан, газ немесе пневматикалық, лақтырылатын яки электрлік қарудан оқ ату, елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану) бойынша іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Атыс, үрей және дүрбелең: Қазан мектебіндегі оқиға қалай өрбіді – видео

Той үстінде оқ атқан жігіттің тапаншасы тәркіленді және оған 20 айлық есептік көрсеткіш (58 340 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Оған қоса, той иелері мен мейрамхана әкімшілігі карантиндік режимді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Жаңалықтар
0