Видео

Атыс, үрей және дүрбелең: Қазан мектебіндегі оқиға қалай өрбіді – видео

Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша Қазан мектебіндегі атыс салдарынан сегізінші сыныптың жеті оқушысы және бастауыш сыныптың мұғалімі көз жұмды

Сейсенбі, 11 мамырда Қазан қаласындағы Джаудат Файзи атындағы №175 мектепте атыс болды. Әлеуметтік желіде бастапқыда екі адамның шабуылдағаны туралы хабарлама тарады. Олардың бірі қарулы күштерге қарсы оқ атып, тұтқындарды қамауда ұстаған.

Ұлттық терроризмге қарсы күрес комитеті әзірше тек бір ғана қарулы қылмыскер туралы мәлімет таратты, деп жазды РИА Новости.

Агенттік ақпараты бойынша, жеті оқушы көз жұмды, 16 бала және мектеп қызметкері жараланды. Татарстан президентінің баспасөз қызметі мұғалімнің де оқыс оқиғадан қаза тапқанын хабарлады.

"Біз сегізінші сыныптың жеті оқушысынан айырылып қалдық. Төрт ұл бала және үш қыз бала. Олар үшінші қабатта көз жұмды. Қазір 16 адам ауруханада жатыр. Террорист қамауға алынды. Ол 19 жаста. Қару оның атына тіркелген. Әзірше оның ешқандай сыбайласы анықталған жоқ, тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Татарстан президенті Рустам Минниханов. Мемлекет басшысы оқиға орнына жетті.

Татарстан президентінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, барлық білім беру мекемесінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, контртеррористік операция режимі енгізілді. Қайтыс болған оқушылардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Татарстанда 12 мамыр аза тұту күні деп жарияланды.

Жаңалықтар
0