НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым - Sputnik. Алматыда ер адам жолдың жиегінде тұрып, такси ұстап тұрған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға Ташкент даңғыл жолындағы "Апорт" сауда-ойын-сауық орталығы маңында сенбі күні кешке болды.
Куәгерлердің айтуынша, ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі батыс бағытта жол бойымен келе жатқан. Сауда орталығына жетпей, ол жол жиегінде тұрып такси ұстамақшы болған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Түрлі дене жарақатын алған үш адам жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда жеңіл көлік мотоциклді жаншып өтті: бір бала қаза тапты
Ал жүргізуші медициналық тексеруге жіберілді. Тексеру нәтижесі бойынша оның "жеңіл дәрежеде" мас екені белгілі болды. Сондай-ақ оның есірткі қолдану фактісі де расталды.
Алматы полиция департаментінің тергеушілері мен криминалистері істі тергеп жатыр.