23:22 16 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR517.55
  • RUB5.94
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
8561 0 0

Қайғылы оқиға Жезқазған-Қарағанды тас жолында болды

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. "Восход" мотоциклі жеңіл көлікпен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклде отырған 11 жасар бала көз жұмды.

14 жасар жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Қарағанды ​​облысының полиция бөлімінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға Жезқазған-Қарағанды тас жолында болды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағына (Абайсызда адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Ойнап жүрген: Алматыда төрт жасар бала шұғыл ауруханаға жеткізілді

Полиция өкілдері қазіргі уақытта скутер, мопед және мотоцикл кәмелет жасқа толмағандар арасында ерекше танымал көлік құралының бірі екенін атап өтті. Алайда олар аталған көлікті жүргізгенде салдары туралы ойламайды.

"Олардың қауіпсіздігі туралы ата-аналары да ойламайды. Балалардың жасына және көлікті жүргізу тәжірибесіне мән бермейді. Балаңызға заманауи көлік құралын сатып алғыңыз келген жағдайда оның 16 жасқа толғанын күтіңіз. Ең бастысы балаңыздың жүргізу тәжірибесі мен жүргізуші куәлігі болуы қажет", - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.

Ол сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көліктегі қажетті жабдықтардың болуын қадағалауды атап өтті.

Тақырып бойынша

Павлодар тас жолында жүк көлігі аударылып қалды - видео
Тоқтай алмаған: Алматыда жеті жасар бүлдіршін қайтыс болды
Алматыда екі көлік соқтығысты – фото
Үстінен ұшып өтті: Алматыда самокат пен көлік соқтығысты – видео
Қырғыз президентінің кортежіне көлік соғылды: қаза тапқандар бар
Кілт сөздер:
қайтыс болды, бала, жол апаты
Загрузка...

Басты тақырып