00:11 13 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
754 0 0

Төрт жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым - Sputnik. Алматы қаласының Шаңырақ-2 шағын ауданында жүргізуші куәлігі жоқ адам баланы қағып кетіп, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кетті.

Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлағандай, Toyota микроавтобусының жүргізушісі Рахимов көшесімен келе жатқан. Осы уақытта балалар жеке үйдің маңында ойнап жүрген. Балалардың бірі жолға шығып кетіп, жүргізуші баланы қағып кетеді. Алайда жүргізуші оқиға орнынан ізін суытып үлгереді.

Әр түрлі жарақат алған бүлдіршін ауруханаға түсті.

Ер адамның көлікті аулалардың біріне жасырғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары нәтижесінде көлікті тауып, жүргізушіні ұстады.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында бір жылқыны екі көлік қағып кетті – зардап шеккендер бар

Жас жігіттің жүргізуші куәлігі жоқ болып шықты. Полиция жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Кілт сөздер:
Алматы, бала, жол апаты
Загрузка...

Басты тақырып