Қоғам

Тоқаев: Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді

Жазылу
Президент Қазақстан "жасыл бастамаларды" жүзеге асырып, нақты нәтижелерге қол жеткізетініне сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мемлекет басшысы Қазақстанның табиғатты қорғауға баса мән беретінін атап өтті.

"Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы он жылды экология жүйесін қалпына келтіруге арнамақ. Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді. Біз "жасыл бастамаларды" жүзеге асырып, нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген. Жыл сайын 5 маусымда аталып өтетін бұл күні Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі халықтың назарын қоршаған орта проблемаларына аударады.

Қазақстанда "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. 

Оқи отырыңыз: Тоқаев отандастарына үндеу жасады

Жаңалықтар
0