Қоғам

Кәсіп ашып, салық төлеуге болады: Қазақстанда мобильді қосымша іске қосылады

© Photo : Pixabay / TeroVesalainenСмартфон в руках мужчины
Смартфон в руках мужчины - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Қосымшаны әзірлеушілер салықтың есеп-қисабын толтыруды, кіріс пен салықтың есебін жүргізуді автоматтандырды

АЛМАТЫ, 4 маусым – Sputnik. Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған е-Salyq-Business мобильді қосымша пайда болады, деп хабарлады қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Үкіметте кәсіпкерлік қызметті жеңілдетуге, соның ішінде жеке кәсіп ашуға және жабуға, салықтарды есептеу мен төлеуге, салықтың есеп-қисабын толтыруға арналған электронды е-Salyq-Business мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті.

Мобильді қосымша онлайн режимінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға немесе өзгертуге, түбіртек беруге, салықтың есеп-қисабын толтыруға/жіберуге, салық төлеуге, хабарлама/анықтама алуға, төлемдерді басқаруға және мемлекеттік кірістер органдарынан белгілі бір қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Ashyq жобасына қатысатындарға қосымша жеңілдіктер жасалады

Қосымшаны әзірлеушілер салық пен әлеуметтік төлемді есептеуді, салықтың есеп-қисабын толтыру мен ұсынуды, кіріс пен салықтың есебін жүргізуді автоматтандырды.

Е-Salyq-Business мобильді қосымшасы пилоттық түрде биыл шілдеде іске қосылады. Бірінші кезеңде қосымшаны шамамен 100 мың адам қолданады деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0