Қоғам

Ashyq жобасына қатысатындарға қосымша жеңілдіктер жасалады

© Sputnik / Абзал КалиевПриложение ASHYQ
Приложение ASHYQ - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірге жоба лидерлерін ынталандыру критерийлерін әзірледі

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстанда Ashyq жобасына қосылған нысандарды ынталандыру көзделіп отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жобаның оң тиімділігін ескеріп, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірге жоба лидерлерін ынталандыру критерийлері әзірленді. Көшбасшылар қызмет түріне байланысты екі апта бойы нысандағы тіркелу саны бойынша анықталады. Бұл әдіс елорда мен республикалық маңызы бар қалалардың ерекшеліктерін ескереді", - деді Цой үкімет отырысында. 

Айтуынша, лидер мәртебесін алған қатысушылар жұмыс уақыты мен шарттары бойынша қосымша жеңілдіктерге ие болады.

Оқи отырыңыз: Елде эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді – Цой 

Сонымен қатар Ashyq жобасына туристік сала нысандары, білім орталықтарын, балалар сауықтыру ұйымдарын енгізу мәселесі пысықталып жатыр.

Бүгінде Ashyq жобасына қатысушылар саны 8 мыңнан асады. Соңғы екі аптада мобильді қосымшаны пайдаланушылар саны 1,4 миллионнан 2 миллионға дейін өсті.

Жаңалықтар
0