Қоғам

Петропавл тұрғыны 8 миллион теңгеден қағылғанын өзі де білмей қалды 

© Sputnik / Владислав ВодневПриложение Kaspi Bank
Приложение Kaspi Bank - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Алаяқтар 44 жастағы әйелге қоңырау шалып, өздерін банктің қауіпсіздік қызметі атынан таныстырған

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Петропавл қаласының тұрғыны алаяқтардың дәстүрлі айласына түсіп, 8 миллион теңгесін өзі салып жіберген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, алаяқтар 44 жастағы әйелге қоңырау шалып, өздерін банктің қауіпсіздік қызметі атынан таныстырған. Одан кейін келіншектің есепшотында күмән тудыратын бір операцияның тіркелгенін жеткізді. Ал ақшаны сақтап қалу үшін бәрін "резервтік есепшотқа" аудару қажет. Олардың сөзіне сеніп қалған әйел барлық ақшасын алаяқтарға өзі жібере салды. Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: "Банк талап ете алмайды": депутат алаяқтардан қорғаудың жаңа әдісін түсіндірді

Осы орайда полицейлер алаяқтардың сөзіне сенбеу қажеттігін тағы бір мәрте ескертті. Себебі банк қызметкерлері ешқашан байбалам салмайды, ақшаны басқа есепшотқа аударуға талап қоя алмайды.

Полиция өкілдері алаяқтық әрекеттердің ішінде дәл осындай алдауға түсетін адамдар біраз ақшадан айырылып жататынын айтады.

Қылмыскерлер өте сенімді сөйлейді. Олар өз құрбандарының қаржылық операцияларына қатысты кейбір ақпаратты да білуі мүмкін. Ондайда ерекше табандылық танытып отырады. Адамды қорқытып, ақшаны аударуды немесе парольді айтуды бұйырады. Бір нәрсені естен шығармау керек, адам өзі банк активтеріне қатысты ақпаратта айтпаса, алаяқтар ештеңе істей алмайды", - дейді СҚО криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов. 

Полицейлер күдік туғызатын адамдар қоңырау шалса, бірден банктің ресми телефон нөмірлеріне хабарласып, мәселенің мән-жайын білуге кеңес берді.

Жаңалықтар
0