Әлем

"Солтүстік ағын–2" жобасы кезекті кедергіге тап болды

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өту"Солтүстік ағын – 2" газ құбырының құрылысы
Солтүстік ағын – 2 газ құбырының құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Жазылу
Бұл жобаны жақтаушылар мен қаралаушылар болып екіге бөлінуі екі түрлі Еуропаның бар екенін көрсетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Бір апта бұрын Ресейде немістердің үш үкіметтік ұйымының қызметін жағымсыз деп танығаны үшін Берлин кейістік танытты, деп жазды РИА Новости.

"Екі ел азаматтарының арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға күш салатын ұйымдардың жұмысына тыйым салу – Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту бағытында жұмсалған күш-жігерге ауыр соққы болып отыр. Ресейдің бас прокуратурасының осыған қатысты азаматтық қоғам саласындағы үш неміс ұйымының қызметіне тыйым салу туралы шешімі таңғаларлық және қолайсыз деп бағалануда", – деді Германияның СІМ басшысы Зайко Масс.

Строительство газопровода  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Әлем
"Солтүстік ағын – 2" жобасының құрылысы қазанға дейін аяқтала ма?
Осыған орай "Орыс тілді еуропалықтар форумы" мен "Неміс-орыс алмасу" және "Либералды заманауи орталық" жұмысына неге тыйым салынды деген сауалдың жауабы да көп күттірмеді: екі күннен кейін осы ұйымдардың бірінің сайтында оның жетекшісі Ральф Фюкстың мәлімдемесі жарияланды. Ол сексенге жуық саясаткер мен сарапшының Ангела Меркельге үндеуін ашық түрде қолдады. Бұл тыйым салуға дейін дайындалған мәтін екені белгілі.

Бұл Германиядағы сайлауалды науқанға тікелей қатысы бар. Елде Меркельдің Христиан-демократиялық одағы партиясы мен "жасылдар" арасында нағыз тайталас жүріп жатыр. Мұнда ең алдымен "жасылдардың" кандидаты Анналена Бербокты канцлер ретінде қолдау көрініс табуда. Ол жайлы хатта айтылмаған, бірақ заманауи Германияның басты проблемасы көтерілген. Бұл – "Солтүстік ағын–2" жобасы.

Өткен аптада Джо Байден құрылысы аяқталуға аз қалған газ құбырына қарсы күресудің мәні жоқ екенін мойындаған соң, басқалардың да бас көтеріп, қарсылық танытары анық еді. Байден Германиямен қарым-қатынасты бүзғысы келмейтінін ашық айтқанмен, ГФР-де ұлттық мүддеге қарсы әрекет етуді тоқтатпайтындар жеткілікті.

ЦЛС сайтындағы хатқа қол қойған 80 азаматты атлантистер біріктіріп тұр. Анналена Бербок осы үндеу жарияланғаннан кейін-ақ: 

"Бір жағынан Ресейге қарсы Еуроодақ санкцияларын қолдау туралы мәлімдеме жасалуда, екінші жағынан қазіргі федералды үкімет "Солтүстік ағын–2" жобасының құрылысын қолдап отыр. Бұл дұрыс емес саясатты дереу тоқтату керек", – деп мәлімдеме жасады.

"Сексеннің үндеуі" газ құбырының құрылысына қатысты тез арада мораторий енгізуді көздеп отыр. Онда "жоба еуропалық бірлік пен трансатлантикалық қарым-қатынасты бұзатыны, Еуропа мен Германияның климат саласындағы жаңа мақсаттарына қайшы екені, Украина қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні, ЕО жалпы сыртқы энергетикалық саясатының мақсаттарына қайшы келетіні" жазылған.

Мұның еш таңғалатын тұсы жоқ. Бірақ мұндай мәлімдемеден кейін Германияның үш неміс мекемесіне жұмыс істеуге тыйым салғанына ренжуі орынсыз секілді. Бұл тұста көзделіп отырған мораторий жалпы еуропалық позицияға қол жеткізудің мүмкіндігі болып отыр.

"Солтүстік ағын–2" жобасын жақтаушылар және қаралаушылар болып екіге бөлінуі екі түрлі Еуропаның бар екенін көрсетіп отыр. Бірі – өз тәуелсіздігін өзіне қайтаруды көздесе, бірі – әлі де англосаксондар жаққа елеңдеп отыратындар.

Жаңалықтар
0