Өңірлер

Қостанайда білім бөлімінің басшысы өз-өзіне қол салды

© AFP 2024 / Rodger BoschАрхивное фото мужчины, закрывшего лицо руками
Архивное фото мужчины, закрывшего лицо руками - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Жазылу
Қайғылы оқиға 2 маусымда болған

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Қостанай облысындағы Боровской кентінде білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгінісов өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "ТоболИнфо" сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2 маусымда болған. Қалыбек Жүгінісов екі аптадан бері үй қамақта болған. Оған қатысты тергеу шаралары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін айыпталған. Күні кеше оның жұбайы Қостанайға кетіп қалған. Ал Қалыбек Жүгінісов үйде жалғыз өзі қалды. Ал кешке қарай туыстары оның асылып қалғанын көрген. Әріптестері оны қатты құрметтеген.  

"Қалыбек Байжанұлы - Қызылорда облысының тумасы. Арал қаласынан. 2015 жылы Қостанай облысына келіп, Мендіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Ал үш жыл бұрын аудандық білім бөлімінің басшысы қызметіне қойды. Біздің ұжым оны қатты құрметтеді. Ол өте жауапты адам болды. Көмек беруден бас тартпайтын, білім үшін, ұжым үшін, жұмыс үшін қызмет етті. Оның қазасы бізге ауыр тиді. Туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз", - дейді Мендіқара аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Жанайдаров.

Қалыбек Жүгінісовке зейнет жасқа дейін үш-ақ жыл қалған. Үйленген, үш баласы бар.

Оқи отырыңыз: Павлодарда полицей өз-өзіне қол салды

Бүгін сағат 15:00-те Боровской кентінде марқұммен қоштасу рәсімі өтеді. Одан кейін оны Қызылорда облысына апарып жерлейді.

Жаңалықтар
0