04:00 12 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
782 0 0

Бейресми ақпарат көздеріне сәйкес, 37 жастағы полиция подполковнигі тұрғын үйдің дәлізінде асылып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Павлодарда полиция қызметкері асылып өлді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, 5 сәуірде Павлодар облыстық полиция департаментінде жұмыс істейтін қызметкердің өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат түскен.

"Осы оқиға Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тіркелді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мамандар оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Бұдан бөлек, қызметтік тергеу басталды", – дейді департамент бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.

Ал бейресми ақпарат көздеріне сәйкес, полицей тұрғын үйдің дәлізінде асылып өлген. 37 жастағы полицейдің подполковник шені болды.

Оқи отырыңыз: "Бәрі шошып кетті": Балық аулап жүрген Ақсу тұрғыны полиция шақырды

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 105-бабы "өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзуге" арналған. Соның аясында жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін жеткiзу қылмысы үшін үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Тақырып бойынша

Хат жазып қалдырған: Талғарда оқушы өз-өзіне қол салды
Хат жазып қалдырған: Алматыда ер адам ойын алаңында өз-өзіне қол салды
16 жастағы бозбала бүкіл отбасын балталап өлтіріп, өз-өзіне қол салды
Павлодар облысында полицияға куәгер ретінде шақырылған ер адам өз-өзіне қол салды
Алматыда курсант өз-өзіне қол салды: ағасына соңғы рет не деп жазғаны белгілі болды
Кілт сөздер:
Павлодар, полицей
Загрузка...

Басты тақырып