Өңірлер

"Бәрі шошып кетті": Балық аулап жүрген Ақсу тұрғыны полиция шақырды

© Sputnik / Тимур БатыршинПодледная рыбалка на Капчагайском водохранилище
Подледная рыбалка на Капчагайском водохранилище - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2021
Жазылу
Археологтар жақ сүйегі өзен жағалауының опырылуы салдарынан ежелгі қорымнан суға түсуі мүмкін деп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Павлодар облысында Ертістен балық аулап отырған әйелдің қармағына адамның жақ сүйегі ілінді. Оқиға Ақсу тұрғыны отбасымен демалып жатқан кезде болған, деп жазды Pavlodarnews.kz.

Чиндиндер отбасы достарымен бірге Ертістен балық аулауға барған.

"Күндізгі сағат үштің шамасы еді, қармағыма бірдеңе ілінгендей болды. Мен оны бөрене немесе таяқ деп ойладым. Тарта бастап, жағалаумен жүрдім, ол аздап жеңілдеді. Сосын оны көргенде қорқып кеттім. Бәрі шошыды. Өйткені бұл адамның жақ сүйегі болатын", - деді Ольга Чиндина.

Ол дереу полицияға хабар берген. Оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері, жедел тергеу тобы және төтенше жағдайлар өкілдері келді. Олар маңайды қарап шықты, дүйсенбіде сүңгуірлер жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында қаптан адамның сүйегі табылды 

Ал археолог Тимур Смағұлов сурет арқылы сүйектің қайдан шыққанын анықтау қиын дейді.

"Ол өзен жағалауының опырылуы салдарынан ежелгі қорымнан түсіп кетуі мүмкін. Мұндай жағдай өңірде жиі болып тұрады, әсіресе көктемде көп кездеседі", - дейді Смағұлов.

Ол облыста Ертіс жағалауында 15-ке жуық қорым бар екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0