Видео

Хоккейден Қазақстан құрамасын жанкүйерлер ерекше қошеметпен қарсы алды – видео

Жазылу
Хоккейден Қазақстанның құрамасы В тобында әлем чемпионатының топтық кезеңінде шығып Нұр-Сұлтанға оралды

Халықаралық Нұр-Сұлтан әуежайында қазақстандық спортшыларды жақындары, жанкүйерлері мен журналистер күтіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қарсы алушыларға бірінші болып Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Юрий Михайлис шықты. Құраманың бас бапкері сұхбат беруден бас тартты.

Бірнеше күн бұрын Қазақстан құрамасының шабуылдаушысы Аркадий Шестаков ұлды болды. Ұлттық құраманың шабуылдаушысы бұл жаңалықты Латвияда өткен әлем чемпионатында естіді. Енді міне бүгін баласын әуежайда алғаш рет көрді.

Қазақстан – Финляндия кездесуінің басты ойыншысы Никита Бояркин әлем чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Құрама қақпашысының айтуынша,  плей-офф кезеңіне шығу үшін ұлттық құраманың күші жетпеді.

"Сарыарқаға" барғаннан кейін шешім қабылдаймын. Мүмкін топта қалатын шығармын. Басқа клубтардың қандай шарттар ұсынатынына байланысты болады. НХЛ әлі хабарласпады (күледі)", - деді Қазақстан құрамасының қақпашысы Никита Бояркин.

Оқи отырыңыз: Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионын жеңді

Қазақстан құрамасының ең үздік ойыншысы қақпашы Никита Бояркин болды, ол 50 соққыны тойтарып, матчтың қаһарманына айналды.  Қазақстан Финляндия командасын 3:1 есебімен жеңді.

Әуежайдың алдында спортшыларды "Барыс" клубының автобусы күтіп тұрды. Сол сәтте құраманың шабуылдаушысы Самат Даниярмен сөйлестік.

"Енді тағы күш салып, алдыда алтын медаль аламыз деп үміттенемін. Біз норвегиялықтарды бағаламадық деп айта алмаймын. Біз тек жеңіс үшін ойнадық", - деді спортшы.

Қазақстан құрамасы 2021 жылғы хоккейден әлем чемпионатынан оралды. Құрама В тобында ойнап, жеті кездесуде он ұпай жинады.

Жаңалықтар
0