Спорт

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионын жеңді

© Photo : wc2021.ligasy.kzСборная Казахстана по хоккею победила команду Финляндии
Сборная Казахстана по хоккею победила команду Финляндии - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Роман Старченконың дәл соққысы Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді. Қазақстан құрамасының ең үздік ойыншысы қақпашы Никита Бояркин болды, ол 50 соққыны тойтарды

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында екінші рет жеңіске жетті. Олар хоккей айып соққысы бойынша Финляндия командасын жеңді. Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі әлем чемпиондары ойынға бірінші нөмірмен қатысып, бірінші кезеңде 15 соққы жасады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qazaqstan Hokei Federasiasy (@kazakhstanhockey)

Қазақстандық хоккейшілер қарсылас аймағына өтті, бірақ соққы жасауға мүмкіндік сирек туды.

Екінші кезеңнің 34-минутында Финляндия командасы шабуыл жасады, Бояркин қақпадан шығып кетті. Сол сәтті Антон Ланделл сәтті пайдаланып, (1:0) есеп ашты.

Арада аз уақыт өткеннен кейін Кирилл Панюков есепті теңестірді. Үшінші кезең екі тарап та гол соқпады. Ойын овертаймда жалғасты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qazaqstan Hokei Federasiasy (@kazakhstanhockey)

Мұнда да ештеңе шешілген жоқ. Роман Старченконың дәл соққысы Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді. Осылайша, Қазақстан Финляндия командасын 2:1 есебімен жеңді.

Оқи отырыңыз: Олимпиада ойындарының тұмарлары – фото

Қазақстан құрамасының ең үздік ойыншысы қақпашы Никита Бояркин болды, ол 50 соққыны тойтарып, матчтың қаһарманына айналды.

Жаңалықтар
0