Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Олимпиада ойындарының тұмарлары – фото

Жазылу
Олимпиада тек Алау, Ту және спортшылар антынан тұрмайды. Ол миллиондаған жанкүйерді қамтитын шара. Жанкүйерлер мұндай айтулы спорт шарасына қатысқанының айғағы болатын Олимпиада ойындарының тұмарын аса жоғары бағалайды

Өкінішке қарай, Халықаралық Олимпиада комитеті Токиодағы Олимпиада-2020 шарасы коронавирус пандемиясына байланысты шетелдік жанкүйерлердің қатысуынсыз өтетіні туралы шешім шығарды.

Олимпиада тұмары – 1968 жылдан бері Олимпиада ойындарының ажырамас бөлігі әрі міндетті атрибутына айналды. Олимпиада тұмары спорт шарасы өтіп жатқан елдің рухын айқындап, спортшыларға сәттілік алып келетін әрі мерекелік көңіл-күй сыйлайтыдай болуға тиісті.

Көп жағдайда Олимпиада тұмары ойындар өтіп жатқан елде танымал жануар түрінде немесе ойдан шығарылған анимациялық кейіпкер кейпінде болады. Сондықтан бұл символды коллекция ретінде жинайтындар аз емес. Әрі Олимпиада тұмары спорттық шараны ұйымдастырушылар үшін де қомақты табыс көзі бола алады.

Халықаралық Олимпиада комитетінің тұмарға қойылатын бірқатар талабы бар. Мысалы, ол Олимпиада құндылықтарын паш етуге тиіс. Жер бетінде өткен Олимпиада ойындарының түрлі тұмарлары туралы суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

© REUTERS / Kim Kyung-Hoon2020 жылғы Токио Олимпиадасының талисманы Мирайтова тауда символды салтанатты түрде ашу рәсімінен кейін Олимпиада символымен бірге суретке түсіп тұр. 2018 жылдың шілдесінде 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының маскоттарының атаулары бекітілді. Сонымен 2018 жылдың 22 шілдесінде Олимпиада ойындарының тұмарларының есімдерін бекітудің ресми рәсімі өтті. Токио ойындары тұмарларының атаулары Мирайтова (болашақ, мәңгілік) және Сомэйти (сакура гүлінің сортына қатысты) болып бекітілді. Бұл есімдерге дауыс беру 2017 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың ақпанына дейін Жапонияның бастауыш сынып оқушылары арасында өтті.
Талисман Олимпийских игр 2020 года в Токио Мирайтова - Sputnik Қазақстан
1/16
2020 жылғы Токио Олимпиадасының талисманы Мирайтова тауда символды салтанатты түрде ашу рәсімінен кейін Олимпиада символымен бірге суретке түсіп тұр. 2018 жылдың шілдесінде 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының маскоттарының атаулары бекітілді. Сонымен 2018 жылдың 22 шілдесінде Олимпиада ойындарының тұмарларының есімдерін бекітудің ресми рәсімі өтті. Токио ойындары тұмарларының атаулары Мирайтова (болашақ, мәңгілік) және Сомэйти (сакура гүлінің сортына қатысты) болып бекітілді. Бұл есімдерге дауыс беру 2017 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың ақпанына дейін Жапонияның бастауыш сынып оқушылары арасында өтті.
© AP Photo Дисней стиліндегі Тироль кейіпкерлері алғаш рет австриялық Ки́цбюэльде пайда болды. Мұнда 1975 жылы шаңғы арқылы жылдамдыққа сырғанау бойынша жарыс өтті. Дизайнерлердің ойына сәйкес, ол тек бір ғана жұмаршақ қардан тұрды және қол-аяғы мен аққалаға тән қызыл түсті сәбіз мұрны, басында қызыл түсті тироль шляпасы болды. Инсбурк өз аумағында Олимпиада ойындарын екінші рет өткізді. Себебі Денвер спортты шараны өткізуден бас тартты. Сондықтан тиісті деңгейде дайындалуға уақыт тым аз болды.
Талисман Зимних Олимпийских игр-1976 в Инсбруке, Австрия  - Sputnik Қазақстан
2/16
Дисней стиліндегі Тироль кейіпкерлері алғаш рет австриялық Ки́цбюэльде пайда болды. Мұнда 1975 жылы шаңғы арқылы жылдамдыққа сырғанау бойынша жарыс өтті. Дизайнерлердің ойына сәйкес, ол тек бір ғана жұмаршақ қардан тұрды және қол-аяғы мен аққалаға тән қызыл түсті сәбіз мұрны, басында қызыл түсті тироль шляпасы болды. Инсбурк өз аумағында Олимпиада ойындарын екінші рет өткізді. Себебі Денвер спортты шараны өткізуден бас тартты. Сондықтан тиісті деңгейде дайындалуға уақыт тым аз болды.
© AFP 2024 / Michael Kappeler / DDPСатушы 2010 жылы Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарының тұмарлары Мига және Мукмукпен суретке түсіп тұр. Бұл кейіпкерлер канадалық аңыз негізінде әзірленді. Оның бойында канадалық фаунаның шынайы әрі мифологиялық тіршілік иелері көрініс тапты. Тұмарды әзірлеушілердің хикаясына сәйкес, Мига (итал. Miga) – жас "теңіз кірекейі". Ол өз жанұясымен бірге Тофино маңында тұрады. Сондай-ақ Мига сноубордингпен айналысқанды ұнатады.
Талисманы Зимних Олимпийских игр-2010 в в Ванкувере - Sputnik Қазақстан
3/16
Сатушы 2010 жылы Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарының тұмарлары Мига және Мукмукпен суретке түсіп тұр. Бұл кейіпкерлер канадалық аңыз негізінде әзірленді. Оның бойында канадалық фаунаның шынайы әрі мифологиялық тіршілік иелері көрініс тапты. Тұмарды әзірлеушілердің хикаясына сәйкес, Мига (итал. Miga) – жас "теңіз кірекейі". Ол өз жанұясымен бірге Тофино маңында тұрады. Сондай-ақ Мига сноубордингпен айналысқанды ұнатады.
© AP Photo / Michel Euler1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының ағаш тұмарлары. Бұл – Норвегия аңыздарының кейіпкерлері, ағалы-қарындас Хокон мен Кристин. Дәстүрлі ұлттық киім киген және скандинавиялық бет-әлпетті ұл мен қызды дизайнерлер ерекше жылулықпен әзірледі. Алғаш рет ресми тұмар ретінде адам таңдалды.
Деревянные талисманы зимних Олимпийских игр-1994 в Лиллехаммере, Норвегия - Sputnik Қазақстан
4/16
1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының ағаш тұмарлары. Бұл – Норвегия аңыздарының кейіпкерлері, ағалы-қарындас Хокон мен Кристин. Дәстүрлі ұлттық киім киген және скандинавиялық бет-әлпетті ұл мен қызды дизайнерлер ерекше жылулықпен әзірледі. Алғаш рет ресми тұмар ретінде адам таңдалды.
© AP Photo 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының тұмары – мейірімді Мишка (Аю) Олимпиададан кейін көп жыл бойы өте танымал болды. Кейбір деректер Олимпиада-80 тұмарының толық есімі Михаил Потапыч Топтыгин деп жазды. Қоңыр аю Ресей символы болғандықтан оның Олимпиада тұмары болуы кездейсоқ емес. О баста Конёк-Горбунок, Матрёшка мен Петрушка қуыршағы да Олимпиада тұмарына кандидат болды. Алайда бұл кейіпкерлер қолдау таппады. "Советский спорт" газеті халық арасында сауалнама жүргізіп, Олимпиада ойындарының тұмарын ойлап табуды сұрады. Сонда редакцияға 45 мыңға жуық хат келіп, оқырмандардың басым бөлігі аюды тұмар етуді ұсынған. Тұмардың соңғы нұсқасының авторы – суретші-иллюстратор Виктор Чижиков.
Мишка, талисман московских Олимпийских игр 1980 года в витрине магазина - Sputnik Қазақстан
5/16
1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының тұмары – мейірімді Мишка (Аю) Олимпиададан кейін көп жыл бойы өте танымал болды. Кейбір деректер Олимпиада-80 тұмарының толық есімі Михаил Потапыч Топтыгин деп жазды. Қоңыр аю Ресей символы болғандықтан оның Олимпиада тұмары болуы кездейсоқ емес. О баста Конёк-Горбунок, Матрёшка мен Петрушка қуыршағы да Олимпиада тұмарына кандидат болды. Алайда бұл кейіпкерлер қолдау таппады. "Советский спорт" газеті халық арасында сауалнама жүргізіп, Олимпиада ойындарының тұмарын ойлап табуды сұрады. Сонда редакцияға 45 мыңға жуық хат келіп, оқырмандардың басым бөлігі аюды тұмар етуді ұсынған. Тұмардың соңғы нұсқасының авторы – суретші-иллюстратор Виктор Чижиков.
© AP Photo / Charles Krupa2004 жылы Афинада өткен жазғы Олимпиада ойындары кезіндегі Олимпиада тұмарлары Афина (оң жақта) және Фебос. Аңыз бойынша Феб пен Афина – ағалы-қарындас. Олар Олимпиада құдайлары – жарық құдайы Аполлон мен даналық құдайы Афинаның құрметіне аталған. Грек ХОК инспекторы Дэнис Освальд бұл тұмарларда "Греция тарихы мен оның қазіргі заманғы кейпінің арасындағы сәтті үйлесімділікті" атап өтті. Олимпиада тұмарын таңдауға жауапты қазылар алқасының шешімі гректерді қуанта қоймады. Алайда көп ұзамай ерекше қуыршақтарға көздері үйренді.
Олимпийские талисманы Афина (справа) и Февос во время летних Олимпийских игр-2004 в Афинах - Sputnik Қазақстан
6/16
2004 жылы Афинада өткен жазғы Олимпиада ойындары кезіндегі Олимпиада тұмарлары Афина (оң жақта) және Фебос. Аңыз бойынша Феб пен Афина – ағалы-қарындас. Олар Олимпиада құдайлары – жарық құдайы Аполлон мен даналық құдайы Афинаның құрметіне аталған. Грек ХОК инспекторы Дэнис Освальд бұл тұмарларда "Греция тарихы мен оның қазіргі заманғы кейпінің арасындағы сәтті үйлесімділікті" атап өтті. Олимпиада тұмарын таңдауға жауапты қазылар алқасының шешімі гректерді қуанта қоймады. Алайда көп ұзамай ерекше қуыршақтарға көздері үйренді.
© AP Photo / Amicar de LeonМерейтойлық XXV Олимпиада ойындары Барселонада өтті. Елдегі ішкі саяси шиеленіске байланысты дизайнер Хавьер Марискальдың алдында күрделі мәселе тұрды. Осылайша қаңғыбас күшік, танымал балалар телебағдарламасының кейіпкері Коби пайда болды. Бұл төбеттің испандардың көңілінен шыққаны соншалық, ол жалпыұлттық дауыспен Олимпиада тұмары болып таңдалды.
Коби, официальный талисман Летних Олимпийских игр 1992 года в Барселоне - Sputnik Қазақстан
7/16
Мерейтойлық XXV Олимпиада ойындары Барселонада өтті. Елдегі ішкі саяси шиеленіске байланысты дизайнер Хавьер Марискальдың алдында күрделі мәселе тұрды. Осылайша қаңғыбас күшік, танымал балалар телебағдарламасының кейіпкері Коби пайда болды. Бұл төбеттің испандардың көңілінен шыққаны соншалық, ол жалпыұлттық дауыспен Олимпиада тұмары болып таңдалды.
© Sputnik / Alexey Filippov / Медиабанкке өтуРио-де-Жанейродағы сувенирлер дүкеніндегі сатып алушылар. Бұл елдегі Олимпиада ойындарының тұмарлары – Винисиус пен Том. Олар Бразилия флорасы мен фаунасын сипаттайды. Винисиустың түсі сары. Оның бойында "мысықтың ептілігі, маймылдың икемділігі, құстың көркемдігі" үйлескен. Паралимпиада ойындарының кейіпкері Том бразилиялық флораны айшықтайді және ағаш пен гүл элементтерінен құрастырылған.
Отдыхающие в магазине олимпийских сувениров в Рио-де-Жанейро, 2016 год - Sputnik Қазақстан
8/16
Рио-де-Жанейродағы сувенирлер дүкеніндегі сатып алушылар. Бұл елдегі Олимпиада ойындарының тұмарлары – Винисиус пен Том. Олар Бразилия флорасы мен фаунасын сипаттайды. Винисиустың түсі сары. Оның бойында "мысықтың ептілігі, маймылдың икемділігі, құстың көркемдігі" үйлескен. Паралимпиада ойындарының кейіпкері Том бразилиялық флораны айшықтайді және ағаш пен гүл элементтерінен құрастырылған.
© AP Photo / Dieter Endlicher1984 жылғы Олимпада тұмарының бейнесін бекіту конкурсының финалына Сараевода алты кандидат шықты: аққала, тау ешкісі, ала тышқан, жайра, қозы және қасқыр. Югославиядағы танымал үш басылым оқырманадырының басым бөлігі Вучко қасқырды қолдап дауыс берді. О баста бұл тұмар тым кереғар сезім тудыра ма деген күдік болды. Себебі қасқыр үнемі қатігез кейіпкер ретінде сипатталады. Сондықтан дизайнерлер оның сырт келбетін мейлінше мейірімді етіп дайындауы тиісті болды. Нәтижесінде Вучко Олимпиада тұмарлары тарихындағы ең сүйкімді кейіпкер ретінде танылды. Ол адамзаттың жануарлармен байланысын сипаттайды. Тұмардың басты атрибты – қызғылт сары түсті шарф. Шарфта 1984 жылғы Олимпиада ойындарының символы, ұлпа қар бейнеленген.
Волк Вуко, символ XIV зимних Олимпийских игр в Сараево, Югославия, 1984 год - Sputnik Қазақстан
9/16
1984 жылғы Олимпада тұмарының бейнесін бекіту конкурсының финалына Сараевода алты кандидат шықты: аққала, тау ешкісі, ала тышқан, жайра, қозы және қасқыр. Югославиядағы танымал үш басылым оқырманадырының басым бөлігі Вучко қасқырды қолдап дауыс берді. О баста бұл тұмар тым кереғар сезім тудыра ма деген күдік болды. Себебі қасқыр үнемі қатігез кейіпкер ретінде сипатталады. Сондықтан дизайнерлер оның сырт келбетін мейлінше мейірімді етіп дайындауы тиісті болды. Нәтижесінде Вучко Олимпиада тұмарлары тарихындағы ең сүйкімді кейіпкер ретінде танылды. Ол адамзаттың жануарлармен байланысын сипаттайды. Тұмардың басты атрибты – қызғылт сары түсті шарф. Шарфта 1984 жылғы Олимпиада ойындарының символы, ұлпа қар бейнеленген.
© AP Photo / Marianna BertagnolliНеве мен Глиц – 2006 жылы Туринде өтен ХХ Қысқы Олимпада ойындарының ресми тұмарлары. Тұмар таңдау конкурсына жалпы саны 237 өтінім түскен. Нәтижесінде, финалға шыққан 5 кандидаттың ішінен португалиялық суретши-дизайнер Педро Альбукеркенің жұмысы жеңімпаз атанды. Бұл қос тұмар да қысқы спорттың міндетті атрибуты қар мен мұзды айшықтайды. Автор идеясына сәйкес Неве мен Глиц бірін-бірі толықтырып, қысқы Олимпиада қар мен мұз құрсауында өтетін жарыс екенін еске салуы тиісті болды. Айта кету керек, Олимпиада ойындары тарихында бұл алғашқы жансыз кейіпкерлер болды.
Талисманы зимних Олимпийских игр 2006 года в Турине - Sputnik Қазақстан
10/16
Неве мен Глиц – 2006 жылы Туринде өтен ХХ Қысқы Олимпада ойындарының ресми тұмарлары. Тұмар таңдау конкурсына жалпы саны 237 өтінім түскен. Нәтижесінде, финалға шыққан 5 кандидаттың ішінен португалиялық суретши-дизайнер Педро Альбукеркенің жұмысы жеңімпаз атанды. Бұл қос тұмар да қысқы спорттың міндетті атрибуты қар мен мұзды айшықтайды. Автор идеясына сәйкес Неве мен Глиц бірін-бірі толықтырып, қысқы Олимпиада қар мен мұз құрсауында өтетін жарыс екенін еске салуы тиісті болды. Айта кету керек, Олимпиада ойындары тарихында бұл алғашқы жансыз кейіпкерлер болды.
© Sputnik / Tkaterina Chesnokova / Медиабанкке өту2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының тұмары - Венлок пен Мандевилль (Wenlock and Mandeville). Жалғыз көзді бұл қос тіршілік иелерінің сыртқы келбеті өзге планеталықтарды еске салады. Венлок атауы 1896 жылы Пьер де Кубертенді Олимпиаданың пайда болуына шабыттандырған қаланың құрметіне берілді. Ал Мандевилль атауы 1948 жылы мүгедек спортшылар үшін алғаш рет жарыс өткен Стоук Мандевилль госпиталінен бастау алады.
Талисман Летних Олимпийских игр 2012 года на одной из улиц Лондона - Sputnik Қазақстан
11/16
2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының тұмары - Венлок пен Мандевилль (Wenlock and Mandeville). Жалғыз көзді бұл қос тіршілік иелерінің сыртқы келбеті өзге планеталықтарды еске салады. Венлок атауы 1896 жылы Пьер де Кубертенді Олимпиаданың пайда болуына шабыттандырған қаланың құрметіне берілді. Ал Мандевилль атауы 1948 жылы мүгедек спортшылар үшін алғаш рет жарыс өткен Стоук Мандевилль госпиталінен бастау алады.
© Sputnik / Vladimir Pesnya / Медиабанкке өту2016 жылдың 2 маусымында Халықаралық Олимпиада комитеті оңтүстіккореялық Пхенчханда өтетін Олимпиада ойындарының тұмарларын мақұлдады. Олар – жолбарыс Сухоран мен аю Пандаби. Сухоран – ақ жолбарыс. Жолбарыс – кәріс аңыздарымен тығыз байланысты аң және ол сенім, күш пен қорғаныс символы. Сухоран – барлық спортшылар мен жанкүйерлердің қорғаушысы. Пандаби – еркіндік символы. Пандаби – кәріс түбегінде мекендейтін Гималай аюы. Аю жігер мен батылдықты сипаттайды.
Символ Олимпиады 2018 года в Канныне, Южная Корея - Sputnik Қазақстан
12/16
2016 жылдың 2 маусымында Халықаралық Олимпиада комитеті оңтүстіккореялық Пхенчханда өтетін Олимпиада ойындарының тұмарларын мақұлдады. Олар – жолбарыс Сухоран мен аю Пандаби. Сухоран – ақ жолбарыс. Жолбарыс – кәріс аңыздарымен тығыз байланысты аң және ол сенім, күш пен қорғаныс символы. Сухоран – барлық спортшылар мен жанкүйерлердің қорғаушысы. Пандаби – еркіндік символы. Пандаби – кәріс түбегінде мекендейтін Гималай аюы. Аю жігер мен батылдықты сипаттайды.
© AFP 2024 / William WestСиднейдегі Олимпиада ойындарының символы үштіктен тұрды: Үйректұмсық Сид, Кукабара Олли және Ехидна Милли. Бұл жануарлар тек Австралияда мекендейді. Олар бірлесіп олимпиадалық достықты бейнелейді. Сонымен қатар олар өздері тіршілік ететін жер, су мен аспанды сипаттайды. Үштіктің таңдалуы да кездейсоқ емес. Себебі спортты ауқымды шара үшмыңжылдыққа аяқ басқан кезеңде өтті. Үйректұмсық Сид – Олимпиада өтіп жатқан Сидней қаласының қысқарған атауы. Австралиялық Олли – Олимпиада сөзінің қысқартылған түрі. Ехидна Милли – үшмыңжылдық құрметіне орай "millenium" сөзінің қысқарған нұсқасы.
Талисманы Олимпийский игр в Сиднее во время первого выхода к публике  - Sputnik Қазақстан
13/16
Сиднейдегі Олимпиада ойындарының символы үштіктен тұрды: Үйректұмсық Сид, Кукабара Олли және Ехидна Милли. Бұл жануарлар тек Австралияда мекендейді. Олар бірлесіп олимпиадалық достықты бейнелейді. Сонымен қатар олар өздері тіршілік ететін жер, су мен аспанды сипаттайды. Үштіктің таңдалуы да кездейсоқ емес. Себебі спортты ауқымды шара үшмыңжылдыққа аяқ басқан кезеңде өтті. Үйректұмсық Сид – Олимпиада өтіп жатқан Сидней қаласының қысқарған атауы. Австралиялық Олли – Олимпиада сөзінің қысқартылған түрі. Ехидна Милли – үшмыңжылдық құрметіне орай "millenium" сөзінің қысқарған нұсқасы.
© AP Photo 1996 жылы өткен Олимпиада тұмарын компьютер арқылы әзірлеу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде түсініксіз әрі ештеңеге ұқсамайтын кейіпкер пада болды. Бастапқы нұсқада тіпті аузы-мұрны да болмаған және ол жалаң аяқ болды. Дизайнерлер оны реңді ету үшін біршама уақыт жұмсады. Содан кейін Иззидің үлкен аузы, Олимпиада сақиналары бар құйрығы, ақ қолғабы пен күлкілі бәтіңкесі пайда болды. Дизайнерлер оны сұсты етіп көрсететін тістерін алып тастау туралы шешім қабылдады. Ешбір адам бұл нақты қандай мақұлық екенін айта алмағандықтан, оған Иззи деген атау берілді. Ол ағылшын тілінде "Бұл не?" (What is it?) деген сауалдың қысқарған нұсқасы. Бұл тұмар Олимпиада ойындары тарихындағы ең сәтсіз тұмар ретінде есте қалды.
Талисман Олимпийских игр 1996 года в Атланте во время парада в честь Дня Благодарения в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
14/16
1996 жылы өткен Олимпиада тұмарын компьютер арқылы әзірлеу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде түсініксіз әрі ештеңеге ұқсамайтын кейіпкер пада болды. Бастапқы нұсқада тіпті аузы-мұрны да болмаған және ол жалаң аяқ болды. Дизайнерлер оны реңді ету үшін біршама уақыт жұмсады. Содан кейін Иззидің үлкен аузы, Олимпиада сақиналары бар құйрығы, ақ қолғабы пен күлкілі бәтіңкесі пайда болды. Дизайнерлер оны сұсты етіп көрсететін тістерін алып тастау туралы шешім қабылдады. Ешбір адам бұл нақты қандай мақұлық екенін айта алмағандықтан, оған Иззи деген атау берілді. Ол ағылшын тілінде "Бұл не?" (What is it?) деген сауалдың қысқарған нұсқасы. Бұл тұмар Олимпиада ойындары тарихындағы ең сәтсіз тұмар ретінде есте қалды.
© AFP 2024 / Peter ParksБейжің Олимпиадасының ашылуына тура 1000 күн қалғанда "Фува бестігі" ресми түрде көпшілікке таныстырылып, оны Халықаралық Олимпиада комитеті мақұлдады. Фува қытай тілінен аударғанда "Сәттілік перзенттері" дегенді білдіреді. Бес кейіпкердің әрқайсысы Олимпиада түстеріне боялған бес олимпиадалық сақинаны бейнелейді. Жануарлардың тіршілік ету ортасына сәйкес бұл бес табиғи элемент: су, орман, от, жер және аспан.
Дети танцуют с талисманами Олимпийских игр 2008 года в Пекине  - Sputnik Қазақстан
15/16
Бейжің Олимпиадасының ашылуына тура 1000 күн қалғанда "Фува бестігі" ресми түрде көпшілікке таныстырылып, оны Халықаралық Олимпиада комитеті мақұлдады. Фува қытай тілінен аударғанда "Сәттілік перзенттері" дегенді білдіреді. Бес кейіпкердің әрқайсысы Олимпиада түстеріне боялған бес олимпиадалық сақинаны бейнелейді. Жануарлардың тіршілік ету ортасына сәйкес бұл бес табиғи элемент: су, орман, от, жер және аспан.
© Sputnik / Aleksei Kudenko / Медиабанкке өтуСочидегі ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы шайбалы хоккей жарысы. АҚШ пен Финляндия құрамалары арасындағы топтық матч кезіндегі жанкүйерлер. Ақ аю, көрікті қоян және қар қабыланы Сочидегі Олимпиада ойындардың тұмары болды. Ақ аю Арктика айналаны ақ қар мен көк мұз басқан полярдан тыс аймақта өммір сүреді. Ол шаңғы теуіп, конькимен сырғанауды біледі. Сондай-ақ керлинг ойнай алады. Алайда шанамен сырғанауды барлығынан қатты ұнатады. Қоян Орман академиясының үздік оқушысы. Ол отбасылық мейрамханада анасына көмектеседі және спорт жарыстарына қатысады.
Қабылан - таудағы құтқарушы-альпинист. Кавказ тауларындағы биік тастағы алып ағашта мекендейді. Өзі мінсіз сноубордшы.
Болельщики во время хоккейного матча группового этапа между сборными командами США и Финляндии на XXII зимних Олимпийских играх в Сочи - Sputnik Қазақстан
16/16
Сочидегі ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы шайбалы хоккей жарысы. АҚШ пен Финляндия құрамалары арасындағы топтық матч кезіндегі жанкүйерлер. Ақ аю, көрікті қоян және қар қабыланы Сочидегі Олимпиада ойындардың тұмары болды. Ақ аю Арктика айналаны ақ қар мен көк мұз басқан полярдан тыс аймақта өммір сүреді. Ол шаңғы теуіп, конькимен сырғанауды біледі. Сондай-ақ керлинг ойнай алады. Алайда шанамен сырғанауды барлығынан қатты ұнатады. Қоян Орман академиясының үздік оқушысы. Ол отбасылық мейрамханада анасына көмектеседі және спорт жарыстарына қатысады.
Қабылан - таудағы құтқарушы-альпинист. Кавказ тауларындағы биік тастағы алып ағашта мекендейді. Өзі мінсіз сноубордшы.
Жаңалықтар
0