Әлем

Еуропа туризмі шығынға батты

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуГорода мира. Таллин
Города мира. Таллин - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2021
Жазылу
Еуроодақ мейлінше тезірек туристерге шекараны ашуды көздеп отырғанымен, ресейлік вакцинаны тіркеуге асығар емес

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Олай етеген жағдайда ЕО былтырғыдай ресейлік туристерден айырылып қалатын түрі бар. Бүгіннің өзінде қонақ үй мен дәмхана саласындағы кәсіпкерлер шығын көлемі аз емес екенін айтуда, деп жазды РИА Новости.

Германия саясатты бір шетке ысыра тұрып, "Спутника V" препаратын жеткізуге қатысты процесті жылдамдатуды қалап отыр.

"Спутника V" препаратын ресми түрде әлемнің 46 елі мойындағанмен, олардың ішінде Еуропаның тек екі елі – Венгрия мен Словакия ғана бар. Еуропаның дәрілік заттар агенттігінің (ЕМА) медициналық мақсатта қолданылатын дәрілік заттар жөніндегі комитеті төртінші наурызда ресейлік вакцинаны тіркеудің бірізді сараптамасын іске қосты. Алайда бұл іс әлі алға жылжымай отыр.

Туристер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2019
Экономика
Путин туризм саласында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобаларын ашуды ұсынды
Наурызда Reuters агенттігі ЕО ресейлік препартты жеткізу бойынша шаралар қабылдауға қарсылық танытып отырғанын жазды. Батыстағы кей сарапшылар Мәскеу мен Бейжің өзінің әлемдегі ықпалын күшейту үшін вакцинаны пайдаланғысы келеді деп күдіктеніп отырғаны да жасырын емес. Бірақ еуропалықтар 450 миллион халықты вакциналау үшін ресейлік вакцинаға басымдық беріп отырған көрінеді.

ЕО елдері вакцина салдырған туристер үшін есігін ашты. Бірақ ресейлік препарат бұл тізімде жооқ. Ал бұл өз кезегінде Еуропа нарығына кері әсер етіп отыр.

БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) есептеуі бойынша, 2014 жылғы экономикалық дағдарыс алдында ресейліктер шет мемлекеттерде жылына 50 миллиардтан астам доллар жұмсап, осы параметр бойынша алғашқы бестікке енген.

Visa Global Travel Intentions жүргізген пандемияға дейінгі зерттеу көрсеткендей, ресейлік саяхаттаушы шетелдегі демалыс үшін орта есеппен 1 676 доллар жұмсаса, еуропалықтар – 1 174 доллар жұмсаған. Болжам бойынша келесі екі жылда бүкіләлемдік орташа көрсеткіш 36 процентке артып, 2 443 долларды құрауы керек болатын. Соның ішінде Ресейден келген туристер 5 процентке көп, Сауд Арабиясынан келгендер он процентке аз қаражат жұмсаса, ал еуропалықтар демалыс бюджетін бес есе қысқартқан болар еді.

Бірақ 2020 жылы нарық бұл қаражатты көтере алмады. Өйткені әлемді пандемия басып қалды. Туризм саласының өткен жылғы шығыны тарихтағы рекордтық көрсеткішке жетті. Табыс 1,3 триллион долларға құлдырады. UNWTO мәліметі бойынша, бұл 2009 жылғы дағдарысқа қарағанда 11 есе көп.

Жалпы Еуропадағы туристер ағымы 70%-ке азайды. Абсолютті көріністегі саяхаттар санының төмендеуі – 500 миллион.

Оқи отырыңыз: Түркияға демалыс турларын сату тоқтатылған жоқ - туроператорлар қауымдастығы

Енді туризм саласының осы шығындардың орнын толтыруға тырысып жатқаны түсінікті. Еуроодақтың атқарушы директоры атап өткендей, туризм жоғалтқан табысты мейлінше жылдам өтеу керек.

Сондықтан ДДҰ мен ЕМА мақұлдаған вакцинаны салдырған кез-келген туристің саяхаттауына рұқсат берілді. Әзірше бұл тізімде Pfizer, Moderna, Johnson & Johnson және AstraZeneca бар. Келесі кезекте қытайлық Sinovac препараты тұр. Соған қарағанда еуропалық қонақ үй мен дәмханалар биыл ресейлік туристерді қонақ етпейтін секілді.

Жаңалықтар
0