Қоғам

Түркияға демалыс турларын сату тоқтатылған жоқ - туроператорлар қауымдастығы

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуШезлонги на пляже в Анталье, Турция
Шезлонги на пляже в Анталье, Турция - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2021
Жазылу
Демалыс турларын сату жалғасуда, алайда Түркияға рейстер кейінге шегерілді

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір — Sputnik. Түркияға демалыс турларын сату тоқтатылған жоқ. Анталия бағытындағы рейстердің басталуы кейінге шегерілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей.

"Демалыс турларын сату тоқтатылған жоқ. Журналистер менің сөзімді және жалпы туындаған жағдайды дұрыс түсінбеді. Мен Анталияға рейстердің басталуы кейінге шегерілгенін айтқан болатынмын. Сонымен қатар қазір сатылымдар жалғасып жатыр, ешкім тур сатуды тоқтатқан жоқ. Тек сәуірдің ортасынан ашылуы керек болған рейстер мамырдың ортасынан немесе айдың соңынан басталады. Бұның барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", - деді Инна Рей.

Оқи отырыңыз: 26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқарады

Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті азаматтардан Түркияға саяхаттауды кейінге қалдыруды сұрады. Бұл елде коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне 50 мыңнан асып жатыр.

Ресейде Түркиямен арадағы әуе рейстері 1 маусымға дейін шектелді.

Жаңалықтар
0