Денсаулық

Алматы "қызыл" аймақтан шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Әзірше "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Ақмола облыстары тұр

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым — Sputnik. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қарағанды облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.

Оқи отырыңыз: Ashyq жобасына қатысатындарға қосымша жеңілдіктер жасалады

Еске салсақ, бір күн бұрын Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ертең қала "сары" аймаққа өтеді деп мәлімдеген болатын.

Өңірлердің белгілі бір аймақта болуына қарай түрлі карантиндік шектеулер мен шаралар қарастырылған.

Жаңалықтар
0