Қоғам

Жансақтауда жатыр: дәрігерлер селден зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

© REUTERS / BENOIT TESSIERАурухана, архивтегі сурет
Аурухана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2021
Жазылу
Зардап шеккен екі адам амбулаторлық емге жіберілді, бір науқасты туыстары Алматыға алып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Дәрігерлер Алматы облысы Шарын шатқалында селден зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына алты адам түскен.

Олардың екеуі – 2009 және 2010 жылғы балалар, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

12 жасар бала түрлі дене жарақатымен Алматы өңірлік балалар ауруханасына жеткізілді. Ол жансақтау және интенсивті терапия бөліміне жатқызылды. Жағдайы – ауыр, тұрақты.

Ал 11 жасар қыз Ұйғыр аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөліміне жатқызылды. Ол да көптеген жарақат алған.

Сонымен қатар 1976 жылғы пациент те хирургиялық бөлімге жеткізілді.

Тағы оқыңыз: Шарындағы сел: жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

1991 жылғы науқасты одан әрі тексеріп, емдету үшін туыстары Алматыға алып кетті.

Зардап шеккен тағы екі адам амбулаторлық емге жіберілді.

Алматы облысы денсаулық басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков пациенттердің жағдайымен танысты. Ол медицина қызметкерлеріне зардап шеккендердің күтіміне қатысты бірқатар тапсырма берді.

Өңірлік балалар ауруханасының травмотологтары мен реаниматологары зардап шеккен оқушыларға көмектесуге шықты.

Сенбі, 29 мамырда Алматы облысында Шарын шатқалында сел жүрді. Салдарынан шатқалда экскурсияда болған мұғалім мен оқушы қыз көз жұмды.

Жаңалықтар
0