Өңірлер

Шарындағы сел: жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

© Sputnik / Денис Абрамов / Медиабанкке өтуҚұтқарушы, архивтегі сурет
Құтқарушы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2021
Жазылу
Табиғи апаттан зардап шеккен үш оқушы ауруханада жатыр, жағдайы қанағаттанарлық

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шарын шатқалында сел жүрген кезде жоғалып кеткен оқушы қыз табылды. Бұл туралы білім министрлігінің  баспасөз қызметі хабарлады.

Шарынға Алматыдағы №199 гимназияның сегіз оқушысы экскурсияға шыққан. Олардың қасында бес ата-ана мен үш мұғалім болған.

Сел салдарынан бір мұғалім мен оқушы қыз көз жұмды.

"Үш бала зардап шекті, қазір олар ауруханада. Жағдайы қанағаттанарлық", - деп нақтылады министрліктегілер.

Бұған дейін сел кезінде жоғалып кеткен оқушы іздестіріліп жатқаны хабарланды. Білім министрлігі баланың табылғанын мәлімдеді.

29 мамыр күні Алматы облысында Шарын шатқалының төменгі бөлігінде сел жүрді.

Тағы оқыңыз: Шарын шатқалындағы трагедия: мұғалім мен оқушы көз жұмды

ТЖ министрлігінің мәліметінше, балшық-сел тасқынына ауа райының күрт өзгеруі себеп болған. Кеше шамамен он бес минут бұршақ аралас өткінші нөсер жаңбыр жауған.

Алматы облысы ТЖ департаментінде жедел штаб құрылды, психологиялық қолдау бойынша қауырт желі ұйымдастырылды: 8(7282)22-02-13, 22-02-18.

Желіде Шарын шатқалындағы селдің видеосы мен зардап шеккендердің суреті тарады.

Жаңалықтар
0