Оқиға

Шымкентте саябаққа барған 17 жасар жігіт қайтыс болды

© Sputnik / Болат ШайхиновАйналма дөңгелек
Айналма дөңгелек - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2021
Жазылу
Жергілікті ақпарат құралының дерегіне сүйенсек, бозбала аттракционның металл құрылымына шығып, биіктен құлап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. Шымкенттегі "Қиял әлемі" ойын-сауық саябағына барған 17 жасар жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды жергілікті Otyrar.kz сайты.

Басылым ақпаратына сүйенсек, жас жігіт аттракционның металл құрылымына шығып, биіктен құлап кеткен.

"Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген ақпаратта.

Қазіргі кезде саябақ жұмысы толығымен тоқтатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Оралдағы саябақта да төтенше жағдай болып, бірнеше бала түрлі дене жарақатын алған. Шыр көбелек айналған аттракцион кенет істен шығып, сегіз бүлдіршін ауруханаға жеткізілген. 

Зардап шеккендердің басым көпшілігіне бас-ми жарақаты мен көгеру және терісінің жырылуы диагнозы қойылды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте саябақ маңынан адамның сүйегі табылды

Жаңалықтар
0