Өңірлер

Оралда ата-аналар әткеншекке мінген балаларын күтіп тұрғанда күтпеген оқиға болды

© Sputnik / Тимур БатыршинӘткеншекте отырған балалар, архивтегі сурет
Әткеншекте отырған балалар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2021
Жазылу
Әткеншек істен шығып, бес пен он жас аралығындағы кәмелетке толмаған балалар ауруханаға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Оралда саябақта аттракцион бұзылып, салдарынан сегіз бала ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің көбі бас сүйек-ми жарақатын алған. Оқиғаның себептері жақын арада анықталады.

Төтенше жағдай 2 мамыр кешке болды, деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.

Видеодан балалар отырған әткеншек кенеттен тоқтап, орындықтар бір-біріне және әткеншектің орталық тірегіне соғылып жатқанын көруге болады. Сол маңда жүрген ата-аналар бірден балаларына көмекке жүгірді.

Бес пен он жас аралығындағы сегіз бала зардап шекті. Жеті бүлдіршін жабық бас сүйек-ми жарақатын (мидың шайқалуы) алды. Тағы бір қыздың денесі көгеріп, терісі жырылған.

Белгілі болғандай, қалалық саябақтағы аттракциондар РИА "Мир" ЖШС-ға тиесілі.

Басылым демалыс саябағында бұған дейін де осындай жағдай болғанын хабарлады. Екі жыл бұрын техникалық ақау салдарынан ""Колесо обозрения" аттракционы тоқтап қалған. ТЖ қызметкерлері аттракциондағы 18 адам, соның ішінде, алты баланы құтқарды.

Бұл фактіге қатысты тергеу басталды.

Жаңалықтар
0