Қоғам

Қазақстанда білім беру процесінде мессенджерлерге тыйым салынуы мүмкін

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуWhatsApp мессенджері
WhatsApp мессенджері  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Жазылу
Білім және ғылым министрлігі мессенджерлерге қандай балама ұсынатыны әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанда білім беру процесінде мессенджерлерге тыйым салынуы мүмкін. Бұл білім министрлігінің 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарында көрсетілген.

БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетовтің халыққа есеп беру кездесуінде "2021-2022 оқу жылында білім беру тиімділігін арттыруға" бағытталған оқу жылының қорытындысы бойынша жоспарлар слайды көрсетілді.

Ведомство білім беру процесінде мессенджерге тыйым салу мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамыту үшін қажет деп санайды.

2020 жылдан бастап пандемияға байланысты қазақстандық оқушылар қашықтан оқуға мәжбүр болды. Алғашқы сабақтар онлайн форматында өтті, алайда Желі бір мезетте пайдаланушылардың көптігіне шыдас бере алмағандықтан, министрлік онлайн-стримингтен бас тартты.

Тағы оқыңыз: "Қашықтан оқығанша, үйде отырсын": Аймағамбетов ата-ананың сұрағына не деп жауап берді

Сабақ арнайы интернет платформалар мен ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар бір-бірімен мессенджерлер арқылы байланысты. Білім министрлігі қандай балама ұсынатыны әзірге белгісіз. Сондай-ақ биыл қыркүйекте оқушылар мектепке орала ма, жоқ па, ол жағы да түсініксіз болып тұр.

Жаңалықтар
0