Қоғам

"Қашықтан оқығанша, үйде отырсын": Аймағамбетов ата-ананың сұрағына не деп жауап берді

© Sputnik / Абзал КалиевДистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками
Дистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Жазылу
Аймағамбетов мектептердің ашу мәселесі елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылар жаңа 2021/2022 оқу жылында дәстүрлі форматқа оралады деп үміттенеді. Ол мектептерді ашып-ашпау елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Келесі оқу жылында оқу қалай ұйымдастырылады? 1 қыркүйекте мектепте салтанатты жиналыс бола ма? Қазір баламызды мектепке берейік пе, жоқ па деп ойланып отырмыз. Менің балам алты жаста. Егер тағы да қашықтан оқыту болса, онда мектепке жеті жастан береміз. Қашықтан оқығанша, бір жыл үйде отырсын. Биыл мектептер ашыла ма, жоқ па?", - деп сұрады ата-аналардың бірі министрдің халыққа есеп беру кездесуінде.

"Жақсылап демалып алу керек": министр Аймағамбетов неден қорқатынын айтты

Аймағамбетов бәрі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін атап өтті.

"Ең алдымен бұл өзімізге, біздің жүріс-тұрысымызға байланысты. Егер халықтың басым бөлігін вакциналап, санитарлық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, келесі оқу жылында, қыркүйекте білім ұйымдарын, ең бастысы мектептерді ашуға мүмкіндік бар деп санаймын", - деді министр.

Ол оқушылар да, мұғалімдер де өз мектебін қатты сағынғанын айтты.

"Вакциналау қарқыны мен індетке қарсы шаралар келесі оқу жылында дәстүрлі форматқа ораламыз деп үміттенуге негіз береді", - деді Аймағамбетов.

Жаңалықтар
0