Қоғам

"Жақсылап демалып алу керек": министр Аймағамбетов неден қорқатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр образования и науки Аймагамбетов Асхат Канатович
Министр образования и науки Аймагамбетов Асхат Канатович - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Жазылу
Келесі оқу жылы да қашықтан оқу форматында болса, оқу процесінің тиімділігіне өте қатты әсер етеді, деді білім министрі

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Қашықтан оқыту тағы бір жылға созылса, оны көтере алмай қалуымыз мүмкін. Педагогикалық кеңесте білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай қорқынышын айтты, деп хабарлады КТК.

Оның сөзінше, онлайн формат бәрін шаршатқан. Ұстаздарға коронавирусқа қарсы вакцинаны алып, түрлі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, жазғы мектепті жоғары деңгейде өткізіп, еңбек демалысы кезінде жақсылап демалып алу керек.

"Мұның бәрі келесі оқу жылын бастауға негіз болады деп есептеймін. Мен алдағы білім беру жылында дәстүрлі форматқа ораламыз деген ойдамын. Өйткені бәрі шаршады. Келесі оқу жылы қашықтан оқу форматында болса, оқу процесінің тиімділігіне өте қатты әсер етеді", - деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салдыру ерікті екенін атап өткен шенеунік әріптестерінің дұрыс шешім қабылдайтынына сенімді.

Оқи отырыңыз: Аймағамбетов мектептегі 13,5 мың маманның жалақысы қашан көтерілетінін айтты 

Министр вакцинаны ойлап тапқандардың ішінде отандық ғалымдардың үлесі бар екенін алға тартты. Ал ел ішінде ұжымдық иммунитет қалыптасса, еліміздің бас мұғалімі қашықтан оқытудан құтылып, барлық баланың 1 қыркүйекте мектепке оралуын қалайды.  Әйтпесе онлайнның кесірі оқушылардың білім сапасына кері әсерін тигізген секілді. Бір жағынан үйден шықпай балаларды оқыту бюджетке де ауыр соққы. Бірақ Аймағамбетов жиында қаржы мәселесі туралы сөз қозғамады.

Жаңалықтар
0