Өңірлер

Қарағанды ​​облысында кішкентай қыз темір қоршауға басымен қысылып қалды – видео

CC0 / / Рука ребенка в дверном отверстии
Рука ребенка в дверном отверстии - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2021
Жазылу
Приозерск аулаларының бірінде төрт жасар сәби темір шыбықтардың арасына басын сұққан. Құтқарушылар көмекке келді

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Приозерск ауласында ойнап жүрген бала басын темір қоршауға сұғып, шығара алмай қалған. Құтқару сәтінің видеосын Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли жариялады.

Жанында болған ересектер қызға көмектесе алмаған. Сондықтан құтқарушыларды шақыру туралы шешім қабылданыпты.

"Қарағанды ​​облысы төтенше жағдайлар департаменті №15 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары гидравликалық құралдың көмегімен темір шыбықты кесіп, баланы құтқарды. Құтқару жұмыстары кезінде мамандар қызбен сөйлесіп тұрды. Қыз зардап шеккен жоқ, аман-есен ата-анасына тапсырылды", - деп хабарлады Талғат Уәли.    

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауға және төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауға қатаң кеңес береді:

  • қараңғы жерлерде ойнауға болмайды;
  • үйінділерде және бос қалған жерлерде ойнауға болмайды;
  • теміржолдар мен автомобиль жолдарынан аулақ жүру керек;
  • қираған ғимараттарда және осыған ұқсас жерлерде ойнауға болмайды;
  • электр және газ құрылғыларын қосулы қалдырмаңыз;
  • сіріңкемен және отпен ойнауға болмайды;
  • бейтаныс жерлерде шомылуға және сүңгуге болмайды.  

Естеріңізге сала кетейік, жақында Нұр-Сұлтанда төбешіктен сырғанаған бала саусағынан айырылды, ал Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде баланың үстіне мүсін құлап кетті.

Жаңалықтар
0