АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанда алдағы үш күнде бірнеше өңірде күн салқындайды, деп хабарлады Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 27 мамырда батыс пен солтүстікте, 28 мамырдан бастап орталық және шығыс аймақтарда ауа температурасы төмендейді.
Оқи отырыңыз: Мамырда ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы жарияланды
Батыс аймақтарда түнде 10...22°С, күндіз 27 ... 35°С дейін төмендейді, елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 5...15°С, күндіз 17...28°С дейін жылы болады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады.
28 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ дауылды жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Алайда ауа температурасының төмендеуі оңтүстік аймақтарға әсер етпейді. Республиканың оңтүстігінде күн жылы болады, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.