15:44 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
8082 0 0

Айдың ортасына қарай күн ысып, солтүстік өңірлерде ауа температурасы +25+33°С, оңтүстікте +30+38°С-қа дейін көтеріледі

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Синоптиктер мамыр айына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мамырдың басында солтүстікте және елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында жауын-шашын көп түседі.

"Мамыр айында күн жылынған соң қайта салқындауы мүмкін. Көп жылдық мәліметтерге сәйкес, оңтүстік аймақтарда мамырдың бірінші жартысында, ал солтүстікте айдың соңында суық күндер аяқталады. Бірақ кей жылдары оңтүстік өңірлерде мамыр айының соңында, солтүстік және шығыста тіпті маусымда да үсік жүруі ықтимал", - дейді синоптиктер.

3 мамырдан бастап республиканың басым бөлігінде күн ашық болады, ауа температурасы жоғарылайды деп болжанып отыр. Сынап бағанасы түнде +10+15°С, күндіз +25+30°С-қа дейін, ал еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде +15+20°С, күндіз +30+38°С-қа дейін жетеді.

Қазақстанның батысында солтүстік-батыс циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, күндіз ауа температурасының +20+28°С-тан +13+18°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.

Бірінші онкүндіктің ортасында атмосфералық фронттардың батыстан шығысқа қарай ығысуына байланысты кей жерде екпінді жел тұрып, жаңбыр жауады, күн күркірейді.

Бірінші онкүндіктің соңында республиканың басым бөлігіне батыс антициклоны әсер етіп, ауа температурасы 5-10°С-қа дейін төмендейді. Солтүстікте түнгі уақытта 3°С градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

"Екінші онкүндікте де күн салқын болады, елдің солтүстігінде ауа температурасы түнде 5°С, күндіз +10+15°С-қа, оңтүстікте түнде +3+10°С-қа, күндіз +12+20°С-қа дейін төмендеуі ықтимал", - деп хабарлады мамандар.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде күн ысып, солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +25+33°С-қа дейін, оңтүстікте +30+38°С-қа дейін жоғарылайды.

Кілт сөздер:
ауа райы, мамыр
Загрузка...

Басты тақырып