Оқиға

Теміртау зауытында балқыған металл төгілді: жарақат алғандар бар

© Sputnik / Медиабанкке өтуБалқыған металлды құю, архивтегі сурет
Балқыған металлды құю, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2021
Жазылу
Қарағанды ​​облыстық медициналық орталығындағы күйік бөлімінің мамандары металлургтар өмірі үшін күресіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Жұмыс орнында қатты күйік алған екі жұмысшы ауруханаға жатқызылды. Ал апат ArcelorMittal Теміртау металлургиялық зауытында 25 мамырда болған.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, конвертер цехының араластыру бөлімінде кран көтеріп жатқан кезде шойын шөміш құлаған. Салдарынан екі кран жүргізушісі (1984 және 1994 жылы туған) жарақат алды: біреуі 2-3 дәрежелі күйік (кеудесінің 20%-ті), ал екіншісі 3-4 дәрежелі (денесінің 70%-ке жуығы) күйік алды.

"Зардап шеккендердің жағдайы ауыр деп бағалануда", – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Реанимациялық шаралардан кейін зардап шеккендер Қарағанды ​​облыстық медициналық орталығының күйік бөліміне жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында екі жұмысшы металл конструкция астында қалды

Сондай-ақ, еңбек инспекциясы басқармасының арнайы комиссиясы тексеру жұмыстарын бастады.

Жаңалықтар
0