АСТАНА, 27 қар – Sputnik. Ақмола облысында коммуналдық кәсіпорынның екі жұмысшысына металл конструкция құлап кетті деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент.
Зеренді ауылында 26 қараша күні аудан орталығының орталық алаңындағы металл конструкцияны жөндеу кезінде "Зеренді Сервис" ҚКК 1969 және 1979 жылдары туылған екі жұмысшы жарақат алды. Жұмысшылар Зеренді аудандық ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Кейіннен жұмысшылардың бірі амбулаторлық ем қабылдау үшін босатылды.
"Жұмысшылардың жағдайы қанағаттандырарлық", — дейді құтқарушылар.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Естеріңізге сала кетсек, өңірде дауылдық ескерту жарияланған: 26-28 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде боран соғуы мүмкін. Бүгін таңертең 27 қараша күні ТЖ жөніндегі департамент желдің 30 м/с дейін күшейгендігін хабарлады.