Қоғам

"95 проценті бас тартты": министр Сириядан қайтарылған әйелдер туралы айтты

Жусан операциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2021
Жазылу
Бүгінге дейін Қазақстанда "Жусан" операциясы бес рет ұйымдастырылып, елге 400-ден астам бала оралды

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Сириядан қайтарылған әйелдерді оңалту шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әрине, радикалды діни ағым құрбандарын оңалтау – ұзақмерзімді жұмыс. Ол психологиялық, заңды-құқықтық, әлеуметтік-медициналық кешенді көмекті қажет етеді. Соның ішінде психологтардың, теологтар мен имамдардың кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптар жоғары", – деді Балаева онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, барлық өңірде "Ақ ниет" оңалту орталығының бөлімшелері жұмыс істейді. Әсіресе, "Жусан" операциясымен елге жеткізілген әйелдер мен балаларды оңалту басты назарда.

"Жүйелі де сапалы жұмыстардың нәтижесінде бүгінге дейін елге оралған әйелдердің 95 проценті радикалды діни сенімнен толық бас тартты. Түптеп келгенде елімізде діни ахуал тұрақты, жат діни ағымдардың алдын алу мен оның құрбандарын оңалту жұмыстары жүйелі түрде жолға қойылған", – деп атап көрсетті Балаева.

Айта кетейік, "Жусан" операциясы бес рет өткізілді. Жалпы, Қазақстанға 400-ден астам бала оралды. Соңғы рет Сириядан 12 адам, соның ішінде жеті бала елге қайтарылды. 

Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріліп, мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Сондықтан да, әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламасынан өтеді.

Оқи отырыңыз: Терроризм үшін сотталғандарды түрмеде қалай ұстайды?

Жаңалықтар
0