Видео

Қазақстанда соңғы қоңырау қалай өтті – видео

Жазылу
25 мамырда Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Түлектердің мектеппен қоштасу салтанатты жиыны мектеп ауласында өтті

Биыл Қазақстанда оқу жылын 3,4 миллионнан астам оқушы аяқтады. Оның ішінде 270 мыңға жуық 9-сынып оқушысы мен 150 мыңнан астам 11-сынып оқушысы бар. "Алтын белгіге" 9 822 оқушы үміткер болып отыр.

Бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің біріне барып, түлектерге тілегін айтты.

Архивное фото массовой драки - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Оқиға
Бейнеуде соңғы қоңырау күні жаппай төбелес болды – видео
Ал соңғы қоңырау шарасы барысында санитарлық талаптар сақталды. Жиынға қатысушылар медициналық маскада келді, соңғы қоңырау рәсіміне бір түлектің ата-анасының бірі немесе қамқоршысы қатысты.

Соңғы қоңырауды дәстүрлі түрде өткізген мектептерде бітіруші сыныптардың салтанатты шарасының арасында 30 минут үзіліс болды. Іс-шара уақыты 45 минуттан аспады.

Алайда бұл күн келеңсіз жағдайсыз өтпеді.  Маңғыстау облысында іс-шараның соңы төбелеске ұласты. Бейнеу ауылында екі мектептің оқушылары төбелесіп қалды. Полицияның хабарлауынша, жаппай төбелес күндіз 11 шамасында болды. Оқиға орнына 7 адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тергеу шаралары басталды.

Айта кетейік, былтыр мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырауы 3-4 маусымда өтті. Сол уақытта мектеп түлектеріне аттестат тапсырылды. Ал 1-ден 10-ға дейінгі сыныпта оқитын оқушылар мектеппен онлайн режимде қоштасқан болатын.

Жаңалықтар
0