АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 11 жасар бала көпқабатты үйдің төбесінен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы жазатайым оқиға туралы хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 24 мамыр кешкі сағат алтыда түскен. Жасөспірімнің ересектердің қарауынсыз 9 қабатты үйдің төбесінде ойнағаны анықталды.
"Кәмелетке толмаған бала ойын кезінде екі тұрғын үй ғимаратының арасындағы ені 60 сантиметр, тереңдігі 17 метр болатын сейсмотігіс саңылауына құлап кеткен. Бала оқиға орнында қайтыс болды", – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.
Департамент өкілдері алдағы уақытта осындай қайғылы жағдайлар қайталанбауы үшін азаматтардың балаларды қараусыз қалдырмауын сұрайды.
Оқи отырыңыз: Терезеден секірген ер адам арбаның үстіне құлады - бала тіл тартпай кетті