НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"25-26 мамыр күндері Қазақстан аумағында нағыз жаздың ауа райы сақталады. Оңтүстіктен келген жылы әрі құрғақ ауа массасы ыстық әрі құрғақ ауа ағымын қалыптастырады", – дейді синоптиктер.
Болжамға сәйкес, батыста ауа температурасы +30, +39 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік өңірлерде термометр бағаны күндіз +32, +38-ді көрсетсе, оңтүстік өңірлерде +40, шығыста +30, +36 градус болады.
"Дегенмен 27 мамырдан бастап батыс пен солтүстік аймақтарға батыс Еуропадан антициклон келеді. Соның әсерінен бұл аймақтарда ауа температурасы +25, +33-ке, ал солтүстікте +18, +28 градусқа дейін төмендейді", – деп атап көрсетті мамандар.