Әлем

Минскіде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деп айыпталған журналист қамауға алынды

© AP Photo / Sergei GritsПожилой человек обращается к бойцам полицейского спецназа во время протестов в Минске
Пожилой человек обращается к бойцам полицейского спецназа во время протестов в Минске  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Протасевич Вильнюске Беларусь аумағы арқылы ұшып бара жатқан. Алайда Литва шекарасына жеткен шақта ұшақ Минскіге қонуға мәжбүр болды

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко өткен жылы президент сайлауының қорытындысы бойынша елде өткен қарсылық акцияларынан кейін отставкаға кеткен жоқ. Ал кеше Минск әуежайында Беларусь азаматы Роман Протасевич қамауға алынды, деп жазды РИА Новости.

Лукашенкоға қарсы жетекші БАҚ – Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы, өткен жылғы қарсылық акцияларының үйлестірушісі 2019 жылдың қарашасында туған елінен кеткен болатын және ол жақын уақытта елге қайтуды жоспарламаған еді.

Президент Александр Лукашенко во время визита в Нур-Султан - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2020
Әлем
Лукашенконың автомат ұстап жүрген видеосы таралып жатыр
Протасевичке қарсы қылмыстық іс қозғалып, оған Минскте жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды және билік және милиция өкілдеріне "әлеуметтік алауыздықты өршітті" деген айып тағылды. Ол "террористік қызметке қатысы бар тұлғалар" тізіміне енді. Ендеше Протасевич Минскте не істеп жүр?

Протасевич Афиныдан Вильнюске Беларусь аумағы арқылы ұшып бара жатқан. Алайда Литва шекарасына жеткен шақта Ryanair әуе компаниясының ұшағы кері қайтып, Минскіге қонуға мәжбүр болды. Себебі ұшақ бортында бомба қойылғаны туралы хабарламадан кейін ұшқыштар Минск әуежайына шұғыл қонуға рұқсат сұраған. Сонымен қатар кейбір ақпарат көздері ұшақ бортында төбелес шыққанын жазды.

Лукашенконың бұйрығы бойынша ұшаққа ілесіп жүру үшін МиГ-29 ұшағы әуеге көтерілді. Бірақ Ryanair рейсі Минскіде аялдаған соң, бортта ешқандай бомба жоқ екені анықталды. Ұшақты тексеріп шыққаннан кейін әуе көлігі Вильнюске қайта аттанды. Алайда жолаушылар ішінде болған Роман Протасевичтің Минскте қалуына тура келді.

Беларусь оппозициясы Протасевичтің қамауға алынуына және ұшақ операциясына қатысты ұстанымы белгілі еді: олар Минскіден әуежайға мәжбүрлеп қондыруды "терроризм актісі" деп тануды, ал Беларусь аумағындағы әуе қатынасын уақытша тоқтатуды талап етті.

"Режим беларустық тәуелсіз телеграм-арнаның редакторы болған жалғыз адамды жазалау үшін ұшақ бортында болған барлық жолаушы мен азаматтық авиацияға қауіп төндірді" деп жазды Светлана Тихановская, ол Халықаралық азаматтық авиация ұйымынан (ІСАО) осы факті бойынша тергеу жүргізуді талап етті.

Минск көшелеріндегі наразылық - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2020
Қоғам
Беларусьтегі дүрбелең: сарапшылар елдегі жағдай Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты
Бұл іске қатысты Еуропа да наразылық танытты: Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен "ұшақты Минскіде қонуға мәжбүрлеуге жол жоқ. Барлық жолаушыда Вильнюске сапарын қауіпсіз жалғастыру құқығы бар" десе, Франция СІМ басшысы "еуропалықтар тарапынан қатаң әрі жалпыға ортақ жауап" қажет екенін жазды. Еуроодақтың бұрынғы төрағасы және Еуропарламенттегі ірі фракцияның басшысы Дональд Тук та наразылығын жасыра алмады.

Брюссельде Еуроодақ көшбасшыларының саммиті өтуі керек. Бұл шарадағы басты тақырыптың бірі Ресей деп болжанған еді. Енді оның қатарына Беларусь та кіріп отыр.

Алайда бұл адамзат баласы ұшақты шұғыл тоқтатудың куәсі болып отырған бірінші жағдай емес. Еске салсақ, өткен жылы Беларусьтағы президент сайлауы қарсаңында ресейлік жауынгерлер тобын Киевте қолға түсіру үшін Минск – Стамбул рейсін шұғыл тоқтатты. 2016 жылдың қарашасында журналист әрі қоғам белсендісі Армен Мартиросянды қамауға алу үшін Киев – Минск рейсінде де осындай жағдай болды.

Көптеген елдің арнайы қызметі көздеген азаматтарды қолға түсіру үшін әуе көліктерін мәжбүрлі түрде кері қайтаруды немесе қонуға мәжбүрлеуді әдетке айналдырып келеді. Олардың қатарында АҚШ, Израиль, Түркия, Иран және тағы басқалар бар.

Мысалы, 2013 жылдың 2 шілдесінде АҚШ бұйрығы бойынша нөмірі бірінші борт – Боливия президенті Эво Моралестің ұшағын тоқтатты. Ол Мәскеуден келе жатқан болатын. Сол уақытта Эдвард Сноуден де орыс елінің астанасында тұрақтаған еді. Америкалықтар ҰҚА-ның қашқын қызметкеріне тиісті құжаттардың күшін жойып, оны қайтаруды талап етті. Ресей АҚШ-тың бұл талабын орындаған жоқ. Ал Сноуден бірнеше елден пана сұрады. Сонда осы өтініші қабыл алған Боливия болатын. Сол себепті америкалықтар Боливия президенті ұшағының бортында Сноуден бар деп шешіп, оның әуе көлігін тоқтатуды талап етті. Мұны Франция мен Португалия орындаған соң, президент ұшағын тексеріп, онда Сноуден жоқ екеніне көз жеткізді. Сондықтан мұндай "әуедегі шұғыл тоқтатулар" бірінші рет болып отырған жоқ.

Жаңалықтар
0