Әлем

Қытайда асфальт жерден көтерілді – қорқынышты видеоны жергілікті газет жариялады

© AFP 2024 / Noel CelisМужчина на пустынной улице в Шанхае
Мужчина на пустынной улице в Шанхае  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2021
Жазылу
Ухань қаласында газдың шығуы салдарынан болған жер астындағы жарылыс видеоға түсіп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласында жер асты жарылысы болды. Оқиға салдарынан төрт адам жарақат алды.

Сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған видеоны "Жэньминь жибао" газеті өзінің YouTube каналында жариялады.

Роликтен ашық кәріз құдығының жанындағы дәнекерлеу жұмысы кезінде бір нәрсенің тұтанғаны көрінеді. Содан кейін жол қиылысында жарылыс болады. Мотоцикл жүргізушісі жол шетіне ұшып түседі, басқа адамдар жан-жаққа тым-тырақай қашқан.  

Оқи отырыңыз: Қытайда түсініксіз құбылыс болды: үрейі ұшқан адамдар жапа-тармағай қашты – видео

Алдын ала мәлімет бойынша жер астындағы жарылысқа газдың шығуы себеп болған.

Жаңалықтар
0